Туды құтқару үшін ер адам өртеніп жатқан ғимараттың төбесіне шықты
Түркістан облысында мемлекеттік мекеме қызметкері өртеніп жатқан ғимараттың төбесіндегі туды құтқарып қалды.
Бұл туралы Оtyrar.kz хабарлайды.
Жұмыспен қамту орталығының өртеніп жатқан ғимаратынан мемлекеттік туды құтқару сәті түсірілген видео әлеуметтік желі қолданушыларын тәнті етті.
Ер адам өртеніп жатқан ғимараттың төбесіне шықты. Өз басына қауіп төндірген ол мемлекеттік рәмізді ту тұғырынан асығыс алып, жерге лақтырып, оқиға орнынан кетіп қалады.
Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, видеодағы кейіпкер жұмыспен қамту орталығының қызметкері. Оқиға 17 шілде күні Сайрам ауданы Ақсукент ауылында болған. Өрттен ешкім зардап шеккен жоқ. Өртті сөндіруге 29 өрт сөндіруші мен сегіз полиция қызметкері шықты.
«Жұмыспен қамту орталық ғимаратының бірінші қабаты мен «Светофор» дүкенінің шатырынан өрт шықты, өрт 413 шаршы метр аумақты қамтыды. Сағат 14.31-де өрт оқшауланып, 16.15-те жойылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ» делінген хабарламада.
Жаңалықтар
- «МузАРТ» тобындағы Кенжебек Жанәбілов ауруханаға түсті
- Мұратжан Мұсайбеков АМӨЗ-дің бас директоры болып тағайындалды
- Қазақстан футбол құрамасының жаңа бапкері кім?
- Астанада сынақтан өткен әуетаксидің алғашқы жолаушысы — министр
- 30 миллион теңгеге денесіне жарнама салуды ұсынған Махмуд Хикматовқа іздеу жарияланды
- Бекболат Тілеухан: Қайрат Сатыбалды президентке айтып, мені депутаттыққа өткізді
- Жағымпаздар «Отан» атауына «Нұр» сөзін қосып, Назарбаевты орға жықты – Бекболат Тілеухан
- Трамптың «Бейбітшілік кеңесі» Газаға арналған алғашқы келісімді әскери нысан салудан бастайды
- Иран АҚШ пен Израиль кемелерінің Ормуз бұғазы арқылы өтуіне тыйым салмақшы
- Блогер Қайсар Қамза Вьетнамнан Қазақстанға экстрадицияланды: Істің жай-жапсары
- Трамп АҚШ-тың келесі президенті ретінде кімді лайық көретінін айтты
- Илон Масктың зымыраны Айға құлап, 30 метрлік кратер пайда болды
- Велокурьер қағып, қашып кеткен: 12 жастағы қыздың жақ сүйегі сынып, тістері түсіп қалған
- Автотұрақ ережелері өзгерді: Алматыда тұратын көлік иесі нені білуі қажет?
- Чемпиондар лигасы: «Түркістан Арена» тарихи матчқа дайын ба?
- Нұрайға қатысты «72 рет пышақ сұғар едім» деген пікір жазған адам анықталып, хаттама толтырылды
- «Байден ұқсап құлап қалмасын»: Невададағы Трамптың әзілі мемге айналды
- 100 миллион теңгеден астам ақша иемденген күдікті Грузиядан Қазақстанға экстрадицияланды
- Димаштың түрік тіліндегі жаңа әні iTunes хит-парадтарында бірінші орында тұр
- Бишімбаевтың анасы бұрынғы келінінен 25 млн теңге өндіріп алмақ