Трамп Ормуз бұғазындағы кемелерге ақы енгізу ұсынысынан айнып қалды
Иллюстрация: ЖИ
АҚШ президенті Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерге 20 пайыздық алым енгізу жоспарынан бас тартты. Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды Orda.kz.
Таяу Шығыс елдері басшыларымен келіссөздерден кейін ол бұл алымды сауда және инвестициялық келісімдермен алмастыру туралы шешім қабылдаған. Оның айтуынша, инвестициялар ауқымды болады және АҚШ экономикасына да, Парсы шығанағы елдеріне де пайда әкеледі.
Трамп тағы да Ормуз бұғазы Ираннан басқа барлық елдердің кемелері үшін ашық болатынын мәлімдеді. Ол теңіздегі қауіпсіздікті қамтамасыз еткені үшін америкалық әскерилерге алғыс айтып, Иран басшылығын өңірдегі тұрақсыздыққа айыптады және бұл ел ешқашан ядролық қаруға қол жеткізе алмайтынын тағы да еске салды.
«Америка қайтадан жеңіп жатыр, бұрын-соңды болмағандай жеңіске жетуде», деп жазды ол.
Бұған дейін Трамп Ормуз бұғазында «Иран блокадасын» қайта енгізетінін жариялаған болатын.
Сондай-ақ ол теңіз жолының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кеткен АҚШ шығындарын өтеу қажеттілігімен түсіндіріп, кемелерге 20 пайыздық алым енгізуді ұсынған еді. Кейін бұл бастамаға әлемдік теңіз тасымалы саласының өкілдері мен Иран билігіне ұнамай, сын айтты.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық