Трамп хуситтердің Сауд Арабиясында теңіз блокадасын бастау туралы мәлімдемесіне жауап берді
Фото: Шетелдік БАҚ-тардан
АҚШ президенті Дональд Трамп йемендік хуситтердің Сауд Арабиясына қарсы теңіз блокадасын ұйымдастыру жөніндегі қоқан-лоққысына пікір білдірді, деп хабарлайды Orda.kz
Мәлімдемеде бұл қадам «Сауд Арабиясының Йеменге қатысты жалғасып жатқан блокадасына» жауап ретінде жасалғанын Fox News жазды. Сария Эр-Риядты порттар мен әуежайларды көп жыл бойы жабық ұстап, теңіз, құрлық және әуе бағыттары бойынша шектеу енгізді деп айыптады.
Трамп «Ансар Аллах» қозғалысы содырларының Қызыл теңізді бұғаттауға әрекет етуі мүмкін екенін жоққа шығармады, алайда мұндай жағдай әзірге болмағанын атап өтті және егер бұл жүзеге асса, АҚШ мәселені реттейтінін мәлімдеді.
«Көре жатармыз, не болатынын. Әзірге ондай болған жоқ. Болуы мүмкін, бірақ біз оны бақылауда ұстаймыз. Егер осындай жағдай туындаса, бәрін реттейміз», – деді Ақ үй басшысы Ливан президенті Жозеф Аунмен кездесу барысында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.
Бұған дейін йемендік хусит көтерілісшілерінің «Ансар Аллах» қозғалысының әскери өкілі Яхья Сария «көзге – көз» қағидаты бойынша Сауд Арабиясына қарсы теңіз блокадасын дереу бастайтынын мәлімдеген еді.
«Біз бұған дейін де хуситтерге қатысты осындай шаралар қабылдағанбыз», – деп қосты Трамп.
Сондай-ақ мәлімдемеде хуситтердің жағдайдың кез келген даму нұсқасына дайын екені және Сауд Арабиясы тарапынан шиеленіс күшейген жағдайда қатаң жауап беру құқығын өздерінде қалдыратыны атап өтілген.
Өз кезегінде Сауд Арабиясы бастаған коалиция Баб-эль-Мандеб бұғазындағы кемелерге төнген қауіп-қатерге байланысты хуситтерге қатаң шара қолданатынын ескертті.
Бригадалық генерал Түрки әл-Мәликидің мәлімдеуінше, коалиция қолбасшылығы «Баб-эль-Мандеб бұғазы арқылы өтетін сауда кемелерін қорғау шараларын іске асыруды бастады» және «хуситтердің өтетін кемелерге қатысты қоқан-лоққыларына халықаралық құқықты өрескел бұзу әрі қарақшылық ретінде бағаланып, батыл әрі қатаң жауап беріледі».
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық