Тоқаев Алатау қаласының құқықтық мәртебесі туралы заңға қол қойды
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы «Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды, деп хабарлайды Orda.kz.
Конституциялық заңның негізгі мақсаты – Алатау қаласының қарқынды әрі орнықты дамуына жағдай жасау.
Қаланың ерекше құқықтық мәртебесіне сай инновациялар, инвестициялар және экономикалық өсім үшін қолайлы орта құруға бағытталған дербес экожүйені қалыптастыруды көздейтін түбегейлі жаңа тәсілдер қолданылады.
Конституциялық заңға сәйкес, қаланы мемлекеттік басқарудың жаңа моделі енгізілді. Атап айтқанда, кәсіпкерлік, кеден ісі, цифрлық активтер, құмар ойындары, әлеуметтік сала, қаржы нарығы, архитектура мен қала құрылысы, экология әрі қоршаған ортаны қорғау, мәдениет, спорт және тағы басқа салаларды реттеудің негізгі қағидалары белгіленді.
«Алатау резиденті» құқықтық мәртебесі бекітілді. Арнаулы мәртебені әкімшілік бірқатар санат бойынша жеке және заңды тұлғаларға береді. Арнайы режимнің қолданылу көлемі мен тиісті құқықтар, міндеттер мен талаптар осы резидент мәртебесіне қарай анықталады.
Шаһардың ұзақ мерзімді инвестициялық және технологиялық өркендеуі стратегиялық құжаттар негізінде қамтамасыз етіледі. Нақты айтқанда, Алатау қаласының ұзақ мерзімді даму жоспары, мастер-жоспары және дамыту стратегиясы қабылданады.
Алатау қаласының қауіпсіздігін, сондай-ақ «ақылды қала» ретінде тиімді жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз ету мақсатында инфрақұрылым нысандары мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйелерінің барлық дерегі бірыңғай цифрлық басқару платформасына біріктіріледі.
Сонымен қатар қаланың инвестициялық климаты мен инвесторларға берілетін кепілдіктері, салық-бюджет саясаты, дизайны мен жер қатынастары аталған конституциялық заң аясында реттеледі.
Конституциялық заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Оқи отырыңыз:
- 33 жастағы қазақ Лондонның ең беделді ауданында депутат болды
- Хантавирус: Бұл қандай ауру, белгілері қандай?
- Депутаттық әдеп мәселесі алғаш рет конституциялық деңгейде бекітіледі
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық