33 жастағы қазақ Лондонның ең беделді ауданында депутат болды
Фото: abishev.org
33 жастағы қазақ елінің тумасы Санжар Әбішев Лондондағы Сент-Джеймс ауданының депутаты атанды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл жаңалықты әлеуметтік желілерде қазақстандық кәсіпкер, Kusto Group компаниясының тең құрылтайшысы Қанат Көпбаев бөлісті. Ол Санжар өзінің жақын досының ұлы екенін (болжам бойынша, кәсіпкер Азат Әбішевтің баласы) және оның мектеп жасынан бері Ұлыбританияда тұрып жатқанын атап өтті.
Сент-Джеймс Ұлыбритания астанасының ең беделді аудандарының бірі саналады. Ол Лондонның тарихи орталығында — Piccadilly, Pall Mall және Regent Street көшелерінің арасында, Букингем сарайы мен Сент-Джеймс саябағына жақын орналасқан. Аудан қымбат жылжымайтын мүлігімен, жабық клубтарымен және мәртебелі резиденцияларымен танымал.
Санжар Әбішев Westminster City Council құрамына Консервативтік партия атынан кірді. Сайлауда ол Лейбористік партия кандидаттарын 350-ден астам дауыспен басып озды — бір аудан үшін бұл елеулі айырмашылық болып саналады.
Отбасы таныстарының айтуынша, Санжардың Ұлыбританияның саяси элитасында туыстары немесе байланыстары болмаған.
Оқи отырыңыз:
- ҰЭМ: Салық кодексіне шамамен 50 түзету енгізіледі
- ҰҚК қызметкерлеріне қандай міндет жүктеледі?
- Хантавирус: Бұл қандай ауру, белгілері қандай?
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық