Тоқаевтың сынына ұшыраған «ҚазАвтоЖол» басшысы қызметінен кетті

cover BaigeNews.kz

Ұлан Әліпов «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының басшысы қызметінен босатылды. Бұл туралы Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, деп хабарлады Orda.kz.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жағдайын жақсарту бойынша кешенді шаралар қабылдауды тапсырды. Қанағаттанарлықсыз жұмыстардың салдарынан «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ басқарма төрағасы Ұлан Әліпов қызметінен босатылды. Барлық аймақтарда бюджет қаражатының жұмсалуына, көлік маршруттарының салынуы мен жөнделуіне бақылау күшейтілді. Президент бұл мәселенің шешімін жеке бақылауында ұстауға ниетті, - деп жазды баспасөз хатшысы.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар