Темірлан Еңсебек терроризм мен экстремизмді қаржыландыратын тұлғалардың тізіміне енді
Фото: Qaznews24
Qaznews24 сатиралық Instagram-парақшасының негізін қалаушы әрі бұрынғы авторы Темірлан Еңсебек терроризм мен экстремизмді қаржыландыратын тұлғалардың тізіміне ресми түрде енгізілді. Оның қалыңдығы Мария Кочнева Orda.kz-ке Qaznews24 аккаунты неге жиі бұғатталатынын және қазіргі таңда Темірлан Еңсебектің қалай өмір сүріп жатқанын айтып берді.
Бүгінде Qaznews24-тің негізгі парақшасы бұғатталған, тек қосалқы аккаунт қана ашылады. Мұндай жағдайлар жиілеп кеткен. Әсіресе, Мария Кочневаның сөзінше, билік «секемшіл» болған кездері одан сайын жиілейді:
«Басты парақшаны үнемі авторлық құқықты бұзды деген сылтаумен бұғаттайды. Мысалы, Ақорда мен министрліктердің ресми суреттерін пайдаланғаны үшін жабады. Бірақ ол суреттер ашық дереккөздерде тұр және оларды басқа БАҚ та қолданады. Парақшаны билік әдетте «даулы» оқиғалардың алдында бұғаттауға тырысады. Мәселен, бұл жолы «Росатом» АЭС салатыны хабарланған күні бұғаттады». дейді Мария.
Qaznews24 редакциясы Meta компаниясымен байланыс орнатып отырған құқық қорғаушылармен жұмысын жалғастырып жатыр. Жақында бұғаттау жойылады деген үміттері бар екенін де айтты.
Айта кетейік , тәуелсіз «Orda» басылымына да тағы да шабуыл жасалды. Instagram мен Facebook бұғатталды
Жақында ғана Темірлан Еңсебек терроризм мен экстремизмді қаржыландыратын тұлғалардың тізіміне ресми түрде енгізілді. Бұл тізімге ену нені білдіретінін Мария Кочнева түсіндірді:
«Сол күні оның ЖСН-і мен барлық банк шоттары бұғатталды. Қазір ол толық экономикалық, кәсіби және нотариалдық бұғауда. Ол енді мүлікті өз атына да, басқа біреудің атына да рәсімдей алмайды», — дейді ол.
Марияның айтуынша, ешқандай ресми түсіндірме немесе қағаз берілмеген. Қазір тек мемлекеттік жабық жүйелердегі мәртебесі өзгерді. Еңсебектің есімі енді террористермен қатар аталады. Бұл атақтың кесірінен жұмысқа орналасу мүлде мүмкін емес. Тіпті заң бойынша тыйым салынбаған салаларға да жұмысқа тұра алмайды, себебі жұмыс берушілер «террорист» дегеннен қорқады.
«Тима енді ата-анасының кәсібінде жұмыс істейді. Осы үшін жақындарын қудаламаса екен дейді. Себебі ондай атақпен басқа жерге жұмысқа тұру мүмкін емес», — дейді Мария.
Кочнева сондай-ақ, жоғары лауазымды шетелдік қонақтар келген кезде Еңсебекке деген бақылау ерекше күшейетінін айтады. Алайда ол Qaznews24 жобасынан кеткен соң да, бұл бақылау тоқтамаған. Осыдан бірнеше күн бұрын Қытай төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға келген күні бақылау күшейді.
«Сол күні Қазақстанға Си Цзиньпин келді. Ал Темірланды үйінің ауласында полиция қызметкерлері – учаскелік инспекторлар аңдып жүрді. Дәл осындай жағдай былтыр желтоқсанда Путин келгенде де болған. Бізді үйде қамауда ұстады. Тіпті кешкі сегізге дейін Путин қайта ұшып кеткенге дейін сыртқа шығуға рұқсат бермеді», — дейді ол.
Жуырда әйгілі француздық сатиралық басылым Charlie Hebdo Qaznews24 жобасы мен Темірлан Еңсебек жайлы жазды. Мақалаға «Қазақстанда блогер-сатирикке орыс жалмауызын сабасына түсіру үшін тұмылдырық кигізді» деген ашық әрі өткір тақырып қойылды. Қазақстан билігі елде цензура жоқ деп мәлімдесе де, халықаралық басылымдар жағдайға назар аударып отыр.
Еске сала кетсек, 17 қаңтар Qaznews24 паблигінің авторы Темірлан Еңсебекке ұлтаралық араздық қоздырды деген айып тағылған болатын.
Сатира паблигінің авторы ұсталғанын желі қолданушылары да, белсенді азаматтар да қызу талқылады. Тіпті наразы болған белсенділер Алматыдағы Абай атындағы опера және балет театрының алдына плакат ұстап шықты.
19 қаңтар күні журналист әрі Art of Her журналының бұрынғы бас редакторы Руслан Бикетов жалғыз өзі пикетке шыққан еді. Оны полиция ұстап, 15 күнге қамады. 20 қаңтар күні шыққан журналист Әсем Жәпішеваны да полиция ұстады. Ал 21 қаңтар күні «Oyan, Qazaqstan» қозғалысының мүшесі Ақмарал Жәкібаева да пикетке шықты. Оны да полиция ұстап әкетті. Дәл сол күні Темірлан Еңсебекке қолдау білдірген Сергей Зинченконы да полиция ұстап әкетті.
Кеше өткен сотта да Темірлан Еңсебекті қолдап келген Айгүл Нұрболатова, Дархан Шәріпов, Ақторғын Ақкенжебаласы және Қонысбай Ырыскелдіні полиция ұстап, бөлімшеге жеткізді.
Ал 11 сәуір күні сот оны 5 жылға бостандығынан шектеу туралы шешім қабылдады
Еске сала кетсек, Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық сот 35 жастағы Жансұлу Дархамбаеваны ұлтаралық араздық қоздырғаны үшін кінәлі деп танып, екі жылға бас бостандығынан айырды. Ол жүктіліктің тоғызыншы айлығында еді. Жақында босанды. Қаңтар айында Дархамбаева TikTok желісіне орыс ұлты өкілдеріне қатысты түсірген бейнежазба жариялаған. Қылмыстық іс материалдарына қарасақ, ол бұл жазбаларда орыс ұлтын балағаттап, кемсіткен.
19 маусымда апелляциялық инстанция Жансұлу Дархамбаеваға жазаны өтеуді екі жылға кейінге қалдыру туралы шешім шығарды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық