QazNews24 қоғамдық парақшасының әкімшісі 2 айға қамалды
Фото: qaznews24 инстаграм парақшасынан
QazNews24 қоғамдық парақшасының әкімшісі Темірлан Еңсебекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы - әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздық қоздыру бойынша іс қозғалды, деп хабарлайды Orda.kz.
Кеше тергеу мерзіміне бұлтартпау шарасын – кепілмен үйқамаққа алу немесе уақытша изоляторда ұстауды анықтау бойынша сот отырысы өтті. Қоғамдық парақшада жарияланған ақпаратқа сәйкес, бұлтартпау шарасы таңдалды, ол - 2 айға қамауға алу.
Естеріңізге сала кетейік, 17 қаңтар күні кешке сатирик Еңсебекке кезекті тінтуу жұмыстары жүргізіліп жатқаны белгілі болды. Қазіргі уақытта QazNews24 қоғамдық парақшасының авторына ұлтаралық араздықты қоздырды деген айып тағылғаны белгілі.
ҚазТАГ агенттігінің сауалына полицейлер Еңсебектің уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады. Оның серіктестері бұл іс ресейлік насихатшы Тина Канделакиге байланысты болуы мүмкін деген болжамды алға тартты.
Айта кетейік, 2021 жылдың 15 мамырында полиция Еңсебекті іздеп келген. Одан кейін ҚР ҚК 274-бабының 2-бөлігі (Бұқаралық ақпарат құралдарын және телекоммуникация құралдарын пайдалана отырып, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне немесе қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін төндіретін көрінеу жалған мәліметтерді тарату) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
17 мамырда «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры жағдайға түсініктеме бере отырып, ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабының сатира мен юморға еш қатысы жоқ екенін атап өтіп, полицейлердің Қазақстан Конституциясын жақсы білмейтіні туралы пікір білдірді.
18 мамырда «Шекарасыз репортерлар» беделді халықаралық құқық қорғау ұйымы Қазақстан билігін сөз бостандығын құрметтеуге шақырып, әзіл-қалжыңның қылмыс еместігін айтты.
2021 жылдың 20 мамырында Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымы Қазақстан билігінің әзілді түсінбейтінін айтып, Еңсебекке қатысты істі тоқтатуға шақырды.
Бір қызығы, халықаралық Amnesty International үкіметтік емес ұйымы бұдан кейін Қазақстанның фейк жаңалықтарға қатысты заңына талдау жасағанда Еңсебектің ісін мысалға алған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық