СҚО-да жүкті әйел орыс ұлтына тіл тигізгені үшін екі жылға сотталды
Фото: freepik.com
Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық сот 35 жастағы Жансұлу Дархамбаеваны ұлтаралық араздық қоздырғаны үшін кінәлі деп танып, екі жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қауіпсіздігі төмен қоныс- колониясында өтейді. Істің мән-жайын Orda.kz тілшісі анықтап көрді.
Жансұлу Дархамбаева – Астана қаласының тумасы. Мамандығы – мұғалім. Соңғы жылдары Солтүстік Қазақстан облысында тұрған. Сотталуына оның TikTok әлеуметтік желісінде 2024 жылдың қаңтар айында жариялаған бейнежазбалары себеп болды. Бейнематериалдарда ол орыс ұлты өкілдеріне тіл тигізіп, қорлайтын сөздер айтқан. Сот материалында бұл сөздер қоғамдық- моральдық нормаларға қайшы келетіні және өзге ұлт өкілдеріне деген жеккөрушілік пен менсінбеушілікті ашық көрсететіні айтылған.
«Біз не бір ашаршылықты, қиындықты көріп, енді-енді аяққа тұрып жатырмыз. Ал сендер, с***, орыстар, бізге керексіңдер ме? Бұл жерден кетіңдер. Қазiр менi тыңдап отырған қазақтар, орыстарды оқытыңдар, өйткені олар – ақымақ, надан…» деп айтылды сотта оқылған бейнежазба мазмұнында.
Лингвистикалық сараптама да бейнежазбаларда ұлтаралық араздық қоздыру, бір ұлтты екіншісінен төмен санау, ұлттық ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлау белгілері бар екенін растаған.
Сот барысында Жансұлу кінәсін толық мойындап, әрекетіне өкінетінін айтты. Ол сотта бұған дейінгі өмір жолын баяндап, мұндай әрекетке неліктен барғанын түсіндірген.
Оның айтуынша, Сокологоровка ауылындағы мектепте жұмыс істеген кезінде орыс әріптестері тарапынан қысым көрген. Мектеп директоры мен ата-аналардың көзқарасы да өзгеріп, кейін ол жұмыстан шығарылған. 2024 жылы Урожайное ауылына көшіп барып, мектепке педагог-психолог болып орналасқан. Кейін директор болған. Мемлекеттік тілді мектепке енгізуге талпынған соң, әріптестері мен шаруашылық меңгерушісі тарапынан қысым күшейгенін айтқан.
«Меңгерушіге негізінен жұмысына салғырт қараған не ішімдік ішіп келген адамдар наразылық танытты. Мен ақыры қысымға шыдамай жұмыстан кетіп, Новоишимское ауылына көшіп бардым. Қазір аяғым ауыр, тоғызыншы айдамын», – деді ол сот алдында.
Дархамбаева қай жерде жұмыс істесе де, қазақ тілі мен қазақ ұлтына деген қысымға тап болғанын айтты. Әлеуметтік желідегі бейнежазбаларын алдын ала дайындап, кейін жүктегенін де мойындады. Сотта көпшіліктен кешірім сұрап, мұндай әрекетті қайталамайтынын мәлімдеді.
Сот үкімімен Жансұлу Дархамбаева 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда айыпталушы да, оның туыстары да үкіммен келіспей отыр. Олар бейнеүндеу жариялап, апелляциялық шағым түсірді.
Еске сала кетейік, бұған дейін бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың алиментті азайту үшін өз атына тіркелген мүліктерді өзгелерге рәсімдегені белгілі болған еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық