Тарихи жеңіс: Қазақстан Grand Slam турнирінде үздік үштікке енді
Фото: Olimpic.kz
Әлемдік турнир қорытындысы бойынша 36 елден келген 295 татами шебері қатысқан жарыста Қазақстан құрамасы жалпы медальдық есепте үшінші орын алды, деп хабарлайды Orda.kz.
Жалғас Қайролла 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде турнир чемпионы атанды, 100 келіге дейінгі санатта алтын медальды Марат Байқамұров жеңіп алды. Осылайша олар Қазақстан қоржынына екі алтын жүлде салды.
Күміс жүлдегерлер қатарында 60 келіге дейінгі салмақта Талғат Орынбасар мен 78 келіден жоғары санатта Камила Берлікаш бар.
Қола медальдарды Шерзод Давлатов (60 келіге дейін), Аңсарбек Ғайнуллин (73 келіге дейін), Айдар Арапов (90 келіге дейін) және Аида Тойшыбекова (78 келіден жоғары) иеленді.
Бұл – отандық дзюдо тарихындағы маңызды жетістік. Қазақстан алғаш рет Grand Slam сериясындағы турнирде бірден екі чемпиондық атаққа қол жеткізді.
Қазақстан бұл беделді турнирді қатарынан төртінші жыл қабылдап, әлемдік дзюдо қауымдастығы алдында ұйымдастыру деңгейінің жоғары екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Жарысқа Олимпиада чемпиондары, әлем чемпиондары, сондай-ақ Grand Slam және Masters серияларының жүлдегерлері қатысты.
Турнирдің алғашқы күні финалдық белдесулерді мемлекет басшысы тамашалады. Сондай-ақ жарыстың жарқын сәттерінің бірі Олимпиада чемпионы Елдос Сметов қатысқан «Golden Fight» кездесуі болды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық