Танымал актер, режиссер Есмұхан Обаев өмірден өтті
Фото: Әлеуметтік желіден
Қазақстанның халық әртісі, театр режиссері Есмұхан Обаев 85 жасқа қараған шағында дүниеден өтті, деп хабарлайды Orda.kz.
Қайғылы қазаны М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының баспасөз қызметі жеткізді. Ол әр жылдары Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік драма театрының қоюшы-режиссері болды.
«Қазақ театр өнері орны толмас үлкен қазаға ұшырады. Қазақ өнерінің үлкен тұлғасы, көрнекті режиссер, ұлағатты ұстаз, М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры директорының кеңесшісі, Қазақ CCР-нің халық артисі, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері, доцент, профессор, ардақты ағамыз Есмұхан Несіпбайұлы Обаев мәңгілік мекеніне аттанды», деп хабарлады театр ұжымы.
Есмұхан Обаев – Қазақстанның Халық әртісі құрметті атағының, «Парасат» және «Барыс» ордендерінің иегері.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халық әртісі Есмұхан Обаевтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады.
«Есмұхан Несіпбайұлы саналы ғұмырын киелі сахнаға арнаған театр тарланы, өнегелі өнер иесі еді. Ұлт руханиятын ұлықтап, отандық драматургияның дамуына зор үлес қосты. Жауапты лауазымдарды абыроймен атқарып, мәдениет көкжиегін кеңейтуге бар күш-жігерін жұмсады», деп жазылған жеделхатта.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық