Талғарда 20 жастағы жігіт пышақ жарақатынан көз жұмды: Бірден 2 қылмыстық іс қозғалды
Фото: freepik.com
Полиция қызметкерлері 12 сәуір күні Гүлдала ауылының бір мейрамханасында болған кісі өлтіру және бұзақылық фактілері бойынша екі қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Orda.kz.
Жедел-іздестіру шаралары барысында 20 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынған. Сонымен қатар, бұзақылық үшін тағы үш күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Бұдан бөлек, сот шешімімен олардың екеуіне қатысты бұлтартпау шарасы ретінде үйқамақ тағайындалды. Кәмелетке толмаған күдіктіге қатысты қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес бұлтартпау шарасы қолданылды», деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Поицияның мәліметінше, оқиғаға куә болған барлық адамдар анықталып, олардан қылмыстық іс аясында жауап алынған.
«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын толық, жан-жақты және объективті зерттеуді қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Барлық тараптардың уәждері мұқият тексерілуде», – деп қосты полиция қызметкерлері.
Тергеу барысы Алматы облысы ПД басшылығының ерекше бақылауында екен.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық