«Бекіре-2026» акциясы: Атырау облысында 378 заңбұзушылық анықталып,13 қылмыстық іс қозғалды
Фото: gov.kz
«Бекіре-2026» акциясы барысында Атырау облысында 378 заңбұзушылық анықталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Биылғы жылдың 1 сәуірінен 31 мамырына дейін Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында жыл сайынғы «Бекіре» кең ауқымды балық қорғау акциясы өтетінін бұған дейін ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлаған болатын.
Құнды балық түрлерінің уылдырық шашу кезеңінде табиғат қорғау және құқық қорғау органдары қызметкерлері балықтардың, оның ішінде бекіре тұқымдас балықтардың уылдырық шашу орындарына көшуін қамтамасыз ету мақсатында заңсыз балық аулау мен оның айналымына қарсы іс-қимыл бойынша күш біріктірді.
Атырау облысында «Бекіре-2026» акциясы барысында 378 түрлі заңбұзушылық анықталып, 1 келі қара уылдырық, 300 келі бекіре балығы және 5 тоннадан астам заңсыз ауланған балық тәркіленді.
«Әкімшілік жауапкершілікке 267 адам тартылды. Браконьерлік және сирек кездесетін, жойылып кету қаупі бар балық түрлерін заңсыз айналымға жіберу фактілері бойынша 13 қылмыстық іс қозғалд» , – деп мәлімдеді Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының ресми өкілі Олег Тушканов.
Оның айтуынша, салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 7,5 млн теңгені құрады, 44 аулау құралы және 40 су көлігі мен көлік құралдары тәркіленді.
«Өзендер мен теңіз акваториясын күнделікті қарау кезінде 483 заңсыз аулау құралы табылды», – деп атап өтті Тушканов.
«Бекіре-2026» балық қорғау акциясы 31 мамырға дейін жалғасатынын еске саламыз.
Акция аясында су қоймаларында браконьерлік фактілері болуы ықтимал орындарда стационарлық және жылжымалы бекеттер ұйымдастырылды, Батыс облыстарының трассаларында мобильді топтар құрылды. Негізгі күштер Каспий теңізінің жағалауында және Жайық және Қиғаш өзендерінің тұстама алдындағы кеңістіктерінде шоғырланатын болады, өйткені бұл жерлерде браконьерлік фактілері жиі тіркеледі.
Оқи отырыңыз:
- Маңғыстау тұрғынынан 110 келі бекіре балығы тәркіленді
- «500-ден асты»: Маңғыстау облысында 79 итбалықтың өлексесі табылды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық