Дәрігерге күш қолданған азамат 1,5 жылға сотталды
Фото: Pexels
Сот сауда үйінің алдында медицина қызметкеріне шабуыл жасаған ер адамға қатысты үкім шығарды. Ол жедел жәрдем бригадасының көрсеткен көмегіне көңілі толмаған, деп хабарлайды Orda.kz.
13 наурызда Астананың мас тұрғыны сауда үйі тұрағында жедел жәрдем фельдшеріне тап берген.
Ер адам медицина қызметкерлерінің жұмысына наразылық білдіріп, фельдшерге күш қолданған. Абырой болғанда медицина қызметкері ауыр жарақат алмаған.
Астананың ауданаралық соты шабуыл жасаушыны ең төменгі қауіпсіздік колониясында 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру туралы үкім кесті. Айыпталушы кінәсін мойындап, өзін темір торға жаппауды сұраған, алайда сот оның бұған дейін де қоғамдық тәртіпті бірнеше рет бұзғанын және қоғамдық орындарда ішімдік ішкенін ескерді.
«Қылмысты мас күйінде жасау жағдайды ауырлататын мән-жай ретінде танылды», — деп хабарлады сот.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Тараптар оған шағымдана алады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық