Талғар тауында сүйегі табылған адамның туыстары оның 20 жыл бұрын жоғалып кеткенін мәлімдеді
Фото: @nelliksun парақшасынан
Беларусьтен келген туристер Алматы облысы Талғар ауданындағы Северцев мұздығы маңынан тапқан ер адамның денесі таудан түсірілгеннен кейін оның туыстары полицияға хабарласқан, деп хабарлайды Orda.kz.
Анықталғандай, мұздықтан табылған адамның денесі 19 жыл бұрын жоғалып кеткен ер адамға тиесілі болуы мүмкін. Оның қызы бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, Беларусьтен келген туристерге үлкен алғыс білдірді.
Әйелдің айтуынша, оқиға туралы ол құрбысы жіберген әлеуметтік желідегі жарияланымнан білген.
«Таңертең құрбым маған рюкзактың суреті жарияланған жазбаны жіберіп, оның біздегі рюкзакқа қатты ұқсайтынын айтты. Суретке қарап, оның шынымен әкемнің рюкзагы екенін түсіндім. Себебі бұл кеңес дәуірінен қалған станокты рюкзак еді. Құтқарушылар бізге тергеушінің телефон нөмірін берді. Біз хабарластық. Ол бізден сақталған барлық құжаттар мен фотосуреттерді, соның ішінде әкемнің рюкзакпен түскен суреттерін жіберуді сұрады. Кейін тергеуші қайта қоңырау шалып, рюкзактың ішінен әкеме тиесілі аты-жөні жазылған куәлік табылғанын айтты», – деді әйел.
Еске салайық, 19 тамызда Беларусьтен келген туристер Северцев мұздығынан белгісіз адам сүйегін тапқанын хабарлаған болатын. Олар құтқарушыларға оқиға орнының координаттарын, фотолары мен бейнематериалда жіберген.
Осыдан кейін оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері ұшып барды. Адамның денесі Алматы облысының жедел-тергеу тобына тапсырылды.
Қазір мамандар қаза болған адамның жеке басын нақтылап, оның тауда қалай қаза тапқанын және 19 жыл бұрын жоғалуына қатысты мән-жайларды анықтап жатыр.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық