Талғар тауында табылған туристің денесі полицияға тапсырылды

cover Фото: facebook.com/akhmetova.kz

Құтқарушылар Алматы облысы Талғар ауданындағы Северцев мұздығы маңынан туристер тапқан адам сүйегін таудан түсіріп, эвакуациялады. Оқиға теңіз деңгейінен шамамен 3400 метр биіктікте болған, деп хабарлайды Orda.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Қол жетуі қиын аумақтан адам денесін түсіру үшін «Қазавиақұтқару» тікұшағы пайдаланылды. Дене Алматы облысының жедел-тергеу тобы қызметкерлеріне тапсырылды.

Мамандар қаза болған адамның жеке басын анықтап, оқиғаның мән-жайын тексеруі керек.

Еске салайық, 19 тамызда Беларусьтен келген туристер Алматы маңындағы тауда, Северцев мұздығынан белгісіз адамның денесін тапқанын хабарлаған болатын. Олар оқиға орнының координаттарын, фотосуреттері мен бейнематериалдарын құтқарушыларға жіберген.

Кеше «Қазавиақұтқару» әуе кемесі Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық жедел-құтқару жасағының «Барыс» құтқарушыларымен және Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлерімен бірге Северцев мұздығына ұшып шыққанын ТЖД хабарлаған еді.

 



Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар