Алматы облысындағы тауда шашылып жатқан адам сүйектеріне қатысты ТЖД мәлімет берді
Фото: facebook.com/akhmetova.kz
Алматы облысы Талғар ауданындағы Северцов мұздығында Беларусьтен келген туристер тобы адам сүйектеріне ұқсайтын қалдықтарды тауып алғаны туралы бүгін таңертең жазғанбыз. Осы оқиғаға қатысты Төтенше жағдайлар департаменті мәлімет берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, «Қазавиақұтқару» әуе кемесі Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық жедел-құтқару жасағының «Барыс» құтқарушыларымен және Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлерімен бірге Северцев мұздығына ұшып шықты.
«Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиақұтқару» әуе кемесі Республикалық жедел-құтқару жасағының «Барыс» құтқарушыларымен және Төтенше жағдайлар министрлігінің Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлерімен бірге теңіз деңгейінен шамамен 4300 метр биіктікте орналасқан Северцев мұздығынан адамның денесін түсіру жұмыстарын жүргізу үшін ұшып шықты. Дене төменге түсірілгеннен кейін Алматы облысы полиция департаменті қызметкерлеріне тапсырылады», деп хабарлады ТЖД.
Ведомство мәліметінше, жұмыстарға аймақтың биік орналасуы, жету қиындығы, күрделі таулы жер бедері, тік беткейлер және биік таулы аймақтың қатал жағдайы кедергі келтіріп отыр.
Еске салсақ, туристер оқиға орнынан түсірілген фотоларды, бейнематериалдар мен нақты координаттарды төтенше жағдайлар қызметіне жолдаған.
Бұл туралы Анастасия Ахметова әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Оның айтуынша, Беларусьтен келген туристер 16 тамызда екі аптаға созылған таулы бағыттағы сапардан келіп, мұздықтан түсірілген бейнежазбаны көрсеткен.
Ахметованың сөзінше, ол бірден 109 нөміріне хабарласқан. Өйткені 112 шұғыл қызметімен байланысу мүмкін болмаған. Кейін қызметкерлер берген байланыс нөмірі арқылы оқиға орнының координаттары, фотолары мен бейнежазбаларды мессенджер арқылы жіберген.
Автордың айтуынша, осы жолда мәйіттің жатқаны туралы ақпарат 2025 жылы ресейлік туристер тобының есебінде де кездескен. Осыған қарап, адам сүйектері мұздықта бір жылдан бері жатқан болуы мүмкін деген болжам жасалды. Осы уақыт аралығында олардың жанынан кемінде бірнеше туристік топ өтіп кеткен болуы ықтимал.
Әлеуметтік желідегі пікірлерде бұл жерде адамның денесі мен заттары өткен ғасырдан бері жатуы мүмкін деген болжам да айтылып жатыр.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық