Талдықорғандағы жеке ауруханда бала екінші қабаттан құлап, ота жасалды
Фото: freepik
Төрт жастағы бала Талдықорғандағы жеке аурухана ішіндегі екінші қабаттағы баспалдақтан құлап, ауыр бас-ми жарақатын алған. Баспалдақ жақтаулары бала отаға түскеннен кейін ғана дәнекерленген, деп хабарлайды Orda.kz.
Бала анасының жанында келе жатып, алға жүгіріп кеткен кезде құлап кеткен. Оны шұғыл түрде Талдықорған облыстық балалар ауруханасына жеткізді. Баланың ауруханаға түскен кездегі жағдайы өте ауыр болған. Дәрігерлер жедел ота жасап, бірнеше күн бойы оның өмірі үшін күресті.
Алайда оқиғаның мән-жайына қатысты сұрақ көп. Отбасының адвокаты Ильмира Назарованың айтуынша, Жетісу облыстық ТЖ департаментінің материалдары оқиға болғанын растады.


Фото: Orda.kz
Оқиға кезінде екінші қабатта қажетті қорғаныш қоршаулары болмаған, яғни құлаудың алдын алатын аралық қоршаулар жоқ болған. Анықталғандай, тек ұзын тұтқа ғана болған, ал аралық ашық күйде тұрған екен.
Ең қызығы, оқиға болғаннан соң тез арада сол күні-ақ баспалдақта шұғыл жөндеу жұмыстары жүргізілген. Қоршау дәнекерленіп, аралық жөнделіп, қауіпті шетке кіруді шектейтін торлы қоршаулар орнатылыпты. Яғни бастапқыда болуы тиіс барлық қауіпсіздік шаралары бала ота үстеліне түскеннен кейін ғана жасалған.
Ауруханада бұл жағдайға қатысты пікір беруден бас тартып, кінәсіздік презумпциясына сілтеме жасалды. Ал Жетісу облысының полициясы қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу жүргізілуде.
Оқи отырыңыз:
- Сарыағаш ауданында жеті айда бес жасқа дейінгі алты бала қайтыс болды, ата-аналар министрліктен дәрігерлердің салғырттығын тексеруді сұрайды
- Мұхтар Шаханов ұрпақтарының есімдері нені білдіреді? Келіні сыр шертті
- Атырауда тұтастай жоғалып кеткен отбасы мүшелерінің қашан өлтірілгені белгілі болды?
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық