Атырауда тұтастай жоғалып кеткен отбасы мүшелерінің қашан өлтірілгені белгілі болды?
Бейнеден кадр
Атырау облысында Жангелдин ауылында Қарабалиндер отбасының түгелдей өлтірілуі бойынша тергеудің жаңа мәліметтері жарияланды. Күдікті күйеу баланың қайын жұртын қашан қырып салғаны белгілі болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Прокуратураның мәліметінше, қылмыс әр айда жасалған екен. Отбасының кіші ұлы Наурыз мамыр айында, ал қалғандары қараша айында өлтіріліпті.
«Тергеу барысында барлық жәбірленушілердің ас үй пышағымен салынған көптеген жарақаттары бар екені анықталды. Әрқайсысында алты және одан да көп жарақат тіркелген, оның ішінде кеуде, мойын және іш тұсында», — деді Атырау облысы прокурорының көмекшісі Жандар Болатбек.
Сонымен қатар, прокуратура сот-психиатриялық сараптама қорытындысы бойынша Сұлтан Сәрсемәлиев есі дұрыс деп таныды, өз әрекетіне есеп бере алатынын анықтады. Сондай-ақ, прокуратура мәліметінше, қылмыстық іс екі және одан да көп адамды өлтіру, мүлікті ұрлау деректері бойынша тергелуде. Іс материалдары мамыр айында сотқа жолдануы мүмкін.
Еске сала кетейік, Атырау облысында жұмбақ жағдайда жоғалып кетіп, 2 айдан кейін денесі табылған ерлі-зайыптылардың жерлеу рәсімі 8 қаңтар күні өтті. Ал осы отбасының тағы ұлы мен қызы басты күдікті Сұлтан Сәрсемалиев ұсталған соң табылған еді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық