Мұхтар Шаханов ұрпақтарының есімдері нені білдіреді? Келіні сыр шертті
Фото: Оrda.kz
Шахановтың келіні Orda.kz-ке Халық жазушысы есімдерін өзі қойып кеткен немере, шөберелерінің аттарының мәні мен мағынасын айтып берді.
Мұхтар Шахановтың тұңғыш ұлы Қуаныш Мұхтарұлының әйелі Гүлжан Исаева ақынның артында қалған ұрпақтарының есімдерінің мәнін айтып берді. Еске сала кетейік, өткен жылы қарашада үлкен ұлы Қуаныш Мұхтарұлы қайтыс болған еді.
Оның айтуынша, ақын немере, шөберелерінің аттарына ерекше мән беріп, әрқайсысын терең мағынамен қойған. Шахановтың артында екі ұлынан тоғыз немере мен он шөбере қалған. Солардың ішінде ақынның жолын қуып келе жатқан Елшынар есімді шөбересі бар — бұл есімді де ақынның өзі қойған.
«Атамыздың немерелері мен шөберелері тек қазақ тілінде білім алады, үйде де тек қазақша сөйлесеміз. Мұны олардың есіне үнемі салып отырамыз. Атамыздың өзі қойған Елқанат, Нұрмерей есімді немерелері бар. Ал Елшынар атты шөбересіне бұл атты “елдің шынары болсын” деген ниетпен берген. Тағы бір шөбересіне Дінмұхамед деп, Дінмұхамед Қонаевтың жолын берсін деген тілекпен қойған. Үшінші қыз немересіне Сара деп ақынның атын берген. Атамыз өз өмірінде болған оқиғаларды үнемі айтып, ұрпағына өсиет етіп жеткізіп отыратын. Үйде отырған кезде де балалардың арасында бір ауыз орысша сөз айтылса, міндетті түрде ескерту жасайтын», — деді келіні Исаева.
Сұхбат алған Назерке Еркінбекқызы, Шымкент қаласы
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық