Сарыағаш ауданында жеті айда бес жасқа дейінгі алты бала қайтыс болды, ата-аналар министрліктен дәрігерлердің салғырттығын тексеруді сұрайды
Фото: Orda.kz
Сарыағаш ауданындағы орталық аурухана мәйітханаға айналып кетті дейді тұрғындар. Өйткені бар-жоғы бір ай көлемінде емдеу мекемесіне ауырып түскен бес бала жазылып емес, жан тапсырып шыққанын айтады, деп хабарлайды Orda.kz жергілікті тілшісі.
Мысалы Майра Жұмашева сегіз жыл күткен 8 айлық сәбиінен дәл осы мекемеде айырылған. Айтуынша, 23 қаңтар күні ауыл ауруханасында Бейбарысқа пневмонияға қарсы екпе алған. Жарты сағат ішінде жағдайы күрт нашарлаған баланы аудан орталығындағы ауруханаға алып келіпті. Бірақ, дәрігерлер бір-біріне сілтеп, соңында сандалып уақыт жоғалтып алдық деп ашынады ана.
«Немқұрайлы қарағандарына, жауапкершіліктің жоқтығынан менің сап-сау баламның бір күнде мәйітін алып кеткеніме әлі де ішім күйіп тұр. Жай ғана екпе алдым да келдім. Үйге келемін. Балам жарты сағаттың ішінде құсады, мұздай тер шығады. Өзін жоғалтып, әлсіздік. Кейде екпе жарамсыз болады екен, тек бұл мыңнан бірінде кездеседі. Ондай екпелер болады дейді. Неге тек менің балама кездеседі ол? Неге соны басында текссеріп, қарамайды. Мезгілі өтіп кеткен болуы мүмкін деді маған»,— дейді Бейбарыстың анасы Майра Жұмашева.
Баласынан Сарыағаш аудандық орталық ауруханасында айырылған бір Майра емес. Шағымданушылар сөзінше аймақтағы ақ халаттылардан көңілі қалған көп ата-ана қалаға көшіп кеткен.
Нұрбақыт Тұрақбай болса ем іздеген халық емес, емдей алмайтын дәрігерлер ауысса дейді. Ол да ақпан айында 2,5 жастағы тұңғышын тексеруге алып келіп, соңында жансақтау бөліміне түскенін айтады. Сөзінше қызуы көтерілген балаға екпе салып жағдайы одан әрі асқындырып жіберген.
«Баламның қызуы көтеріліп келдік осы жерге. Екі-үш күннің ішінде жансақтау бөлімінен мәйітін алып шығып кеттік. Ол күні бір бала кеткен жоқ, 2-3 бала жансақтау бөлімінде жатқанның барлығы. Екі айдан кейін тағы қайталанып отыр. Тағы 2-3 бала кетіп отыр. Көршілеріміздің де баласы кетіп отыр. Білімдері жетсе, қолдан жасамаған болса, соңына дейін отырмай ма? Сарыағашта ақша бермесе емдемейді. Айғай-шу шығармаса емдемейді» ,— дейді Айсеріктің әкесі Нұрбақыт Тұрақбай.
Айнагүл Әуезова да жалғыз немересінен дәрігерлердің білімсізігі кесірінен көз жазып қалдым дейді. Жеміс жеп қызуы көтерілген баланың асқазанын шайып, кейін басқа топтың қанын құйған деп жылайды. Ақыры жансақтау бөліміне түскен 2 жастағы ұл баланың беті сол күйі бері қарамапты. Өз аяғымен кеткен баласының өлі келгенін көрген жүкті анасы іштегі бөбегінен де айрылып қалған. Бала өлімінің болғанын мойындаған мекеме басшылығы болса қызметкерлерге тәртіптік шара қолдандық деп қарап отыр. Бірақ жұмысымен қоштасқан ешкім жоқ.
«Жалпы бізде дәл осы ауруханада жеті айда бес жасқа дейінгі алты бала қайтыс болды. Алдағы уақытта ондай жағдайларды болдырмау мақсатында бізде біраз іс-шаралар жүргізілуде. Қазіргі Рашид Бейбарыс бойынша облыстық деңгейде де тексеру келді. Фармбақылаудан да тексеру келді. Тиісті мамандардың барлығына тәртіптік шара қолданылды. Жұмысымен қоштасқандар жоқ. Оқуға кеткендер бар»,— дейді Сарыағаш аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары.
Баласынан ауруханада айырылған ата-аналар мекемеде аппарат тапшылығы өзекті мәселе дейді. Денсаулық сақтау министрі осыған мән берсін деген сарыағаштықтар өлім көбейген аурухана дәрігерлерінің де жазаланғанын сұрайды.
Авторы: Назерке Еркінбекқызы. Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы
Оқи отырыңыз:
- Талғардағы сұмдық: Өлтірілген жігіттің туыстары оқиға туралы айтып берді
- Қазақ поэзиясының қара нары — Мұхтар Шаханов туған топырағына жерленді
- Дубайда 22 жастағы қазақстандық не үшін өмірбақи сотталып, 300 млн айыппұл арқалады?
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық