Қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасын белгілеу кездесуі болады

cover

Екі ел арасындағы жағдайға байланысты Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Тәжістан президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті.

Бұл туралы Orda.kz. хабарлады.

Бұл туралы Қырғызстан президенті аппараты сайтында жазылды.

Екі ел  басшылары шекарадағы жағдайды тез арада бейбіт реттеу жолдарын талқылап,  мамыр айының екінші жартысында кездесуге уағдаласты.

Ендігі жерде 1 мамыр күні қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасын белгілеу бойынша екі елдің үкіметтік делегациялары Қырғызстанның Баткен облысында келіссөздер жүргізеді. Қазан қаласына жұмыс сапарымен бара жатқан қырғыз премьер-министрі Ұлықбек Марипов жолдан қайтып, Ош қаласына оралды.

Тәжікстанның «Азия-Плюс» басылымы 90 адамның жарақат алып, оншақты адамның қайтыс болғанын   хабарлады. Дегенмен Душанбе бұл сандарға қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Ал соңғы ақпараттарға жүгінсек, Қырғызстанда қаза тапқандар саны 31 адамға жетіп,  120-дан астам азаматы жарақат алған. Естеріңізге сала кетсек, қырғыз-тәжік шекарасындағы қарулы қақтығыс 28 сәуірде Баткен ауданының Көк-Таш ауылында суды бөлу бекетінде басталған.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар