Сұраныс өскен сауда көзі: Mercedes-Benz әскери техника өндірісін бастауы мүмкін
Фото: Ашық дереккөзден
Неміс автоконцерні Mercedes басшылығы қару-жарақ өндірісі нарығына шығу мүмкіндігін қарастырып отыр, деп Orda.kz Deutsche Welle-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Дегенмен автоконцерн басшысы Ола Каллениус компанияның негізгі өнімі бұрынғыдай азаматтық автомобильдер болып қала беретінін мәлімдеді.
Мәліметке сәйкес, мұндай шешім жаһандық қауіпсіздік саласындағы қауіп-қатерлердің артуына байланысты қабылдануы мүмкін. Бұл туралы компания директоры The Wall Street Journal газетіне берген сұхбатында айтқан.
«Әлем бұрынғыдан да болжауға келмейтін орынға айналды, және менің ойымша, Еуропаға қорғаныс әлеуетін күшейту қажет екені анық. Егер біз бұл үдеріске оң үлес қоса алсақ, біз соған дайынбыз», – деді Каллениус.
Топ-менеджердің айтуынша, концерннің қару-жарақ саласына шығуы «экономикалық тұрғыдан тиімді» болған жағдайда ғана мүмкін.
Оның сөзінше, жаңа қорғаныс бизнесі компания портфелінің тек «аз ғана бөлігін» құрайды. Алайда дәл осы бағыт болашақта «өсіп келе жатқан сауда көзіне» айналуы мүмкін.
Сондай-ақ сәуір айында БАҚ-та Volkswagen израильдік Rafael Advanced Defense Systems компаниясымен ықтимал ынтымақтастық жөнінде келіссөздер жүргізіп жатқаны туралы ақпарат тараған.
Ал күніне екі-үш хабар таратпаса басы ауыратын Дональд Трамп бұған дейін АҚШ-та «ешкім білмейтін керемет қару» бар екенін айтып, мақтанып та үлгерді.
Әскери қақтығыстар барынша сенімділік пен қуатты талап ететін жағдайда, Mercedes инновацияларды үнемдемеуге шешім қабылдаған сияқты
Мәселен Special Trucks бөлімшесі әзірлеген мына тартқыш ауыр жүктерді тасымалдауға арналған, ол ұрыс алаңында логистикалық міндеттерді тез және тиімді шешуге мүмкіндік береді.
Олар былтыр IDEX (International Defence Exhibition) Абу-Дабиде (БАӘ) екі жылда бір рет өтетін әлемдегі ең ірі және маңызды қару-жарақ пен қорғаныс технологияларының халықаралық көрмесінде осындай көліктерін көрсетті.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Каньэ Уэст: Алматылықтар күткен әлемдік шоу
- Үкімет Қашағанның 10,7 млрд долларлық келісімшарты бойынша жемқорлық болғанын мәлімдеді
- Иран Трамптың Ормуз бұғазын АҚШ-тікі деп жариялау жоспарына жауап берді
- ДСМ балаларға стоматологиялық көмек қолжетімділігін шынайы қамтамасыз етуді тапсырды
- 17 жыл бойы Еуропада қашып жүрген «Кинг-Конг» лақап аты бар қылмыскер сотталды
- Канье Уэсттің Алматыдағы концертінде қазақ тілі неге ескерілмеді?
- WBO Жәнібек Әлімханұлының дисквалификациясын тоқтатты, ол енді титулға үміткер
- Индонезияда магнитудасы 7,7 болатын күшті жер сілкінісі болды: Қаза тапқандар бар
- Алматыдағы блэкаут: Қала көшелерінде 1300-ден астам заңбұзушылық болды
- Түркістан облысындағы жанармай бекетінде бензин таситын 10 тонналық көлік өртенді
- Дастан Сәтбаев жаңа маусымда «Бернли» сапында ойнайды
- Алматыда бағдаршамдар іске қосылып, метро жұмысын қайта бастады
- Канье Уэсттің концерті 15 тамызға ауыстырылды
- Қазақстандағы электр желісіндегі ақауға не себеп болды? KEGOC жауабы
- Шымкентте бұрынғы күйеуі әйелдің бетіне қышқыл шашып, күйдіріп тастады: Оқиғаның мән-жайы
- «Баланың басынан таяқпен ұрған»: Бейімдеу орталығының маманы балаларға қатыгездік көрсеткен
- Ана мен бала өлімі азайды: Қазақстан медицинасының жаңа көрсеткіштері
- 20 адам зардап шегіп, 45 млн теңгеден астам шығын келтірген алаяқ әйел сотталды
- Павлодар облысының тұрғыны полиция бөлімінде жұмбақ жағдайда қайтыс болды
- Отбасын қолдау орталығының заңгері әйеліне тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған