Қазақстанда Түріктің барлау жүргізіп, соққы жасайтын «ANKA» дрондары жасалады
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайып Ердоған ANKA ұшқышсыз аппараттарын шығаратын бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Orda.kz.
ANKA — Түркияның Turkish Aerospace Industries компаниясы жасаған барлау, бақылау және соққы жасауға арналған дрон. Ол 2013 жылдан бері қолданыста.Түркия бұл ұшқышсыз аппараттарды Таяу Шығыс, Азия және Африка елдеріне экспорттап келеді.
Ердоған 13–14 мамыр күндері Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген. Ал 15 мамырда Түркістанда өткен Түркі мемлекеттері ұйымы басшыларының бейресми саммитіне қатысты.
Түркі мемлекеттері ұйымы басшыларының бейресми саммитінде президент елімізде Цифрлық кодекс қабылданып, Жасанды интеллект туралы заң күшіне енгенін мәлімдеді.
«Біз білім саласындағы цифрлық инфрақұрылымды дамыту және озық технологияны меңгерген педагогтерді даярлау мәселесіне, білім беру жүйесін әр оқушының қабілетіне сай бейімдеу, олардың дербес деректерін қорғау ісіне ерекше мән беріп отырмыз»,— деді Тоқаев.
Бұл да Қазақстанның болашағы үшін жасалған өте маңызды қадам деп айтуға болады. Алдағы уақытта еліміздің цифрлық даму бағдарын айқындайтын Digital Qazaqstan стратегиясы бекітіледі.
Таяуда Алматы қаласында Тұрақты дамуға ықпал ететін цифрлық шешімдер орталығы ашылды. Бұл бастама Біріккен Ұлттар Ұйымының аймақтық экономикалық және әлеуметтік комиссиясының қолдауымен жүзеге асырылады. Мемлекет басшысы Габалада өткен басқосуда цифрлық даму және киберқауіпсіздікке қатысты бірқатар бастама көтергенін еске салды.
«Атап айтқанда, Түркі мемлекеттері ұйымының Цифрлық мониторинг және Цифрлық инновациялар орталықтарын құруды ұсындым. Бұл орталықтар Ұйымға мүше мемлекеттердің өсіп-өркендеуіне цифрлық тұрғыдан тың мүмкіндіктер береді. Бұдан бөлек, сол алқалы жиында Киберқауіпсіздік жөніндегі кеңес құру қажет екенін айттым. Мұндай Кеңес елдеріміздің цифрлық әлеміндегі осал тұстарды анықтап, инфрақұрылымға төнетін қауіптің алдын алуға ықпал етеді.
Осы құрылым арқылы Ұйымға мүше елдердің тиісті органдары жедел ақпарат алмаса отырып, жұмыс істей алады. Қазақстан бұл бастамалар бойынша тиісті тұжырымдамаларды әзірлеп, Ұйымға мүше мемлекеттерге келісу үшін жолдады. Аталған нақты шаралардың бәрі де елдеріміздің ортақ мүддесіне сай келеді. Сондықтан осы бағытта тиімді және белсенді әрекет етеміз деп ойлаймын»,— деді Тоқаев.
Президент ТМҰ аясында бірлесе іске асыруға болатын бірқатар цифрлық қолтаңбаны өзара тану, ғарыш саласын бірлесе игеруге қатысты ұсынысты ортаға салды. Тоқаев сауда-экономика саласы бойынша ұйымға мүше елдер арасында электрондық құжаттар мен цифрлық қолтаңбаны өзара тануға қатысты, ғарыш саласы, ғылыми, технологиялық, спутник байланысы, навигация және мониторинг саласында бірлескен жобаларды жүзеге асырып, ықпалдастығымызды кеңейте түсу қажет екеніне тоқталды.
Сонымен қатар президент Қазақстанда жаңа форматтағы технологиялық оқу орны – Жасанды интеллект университетін ашу жоспарланғанын, оған түркі мемлекеттері азаматтарын оқыту үшін арнайы гранттар бөлуге болатынын атап өтті.
Еске салсақ, 10 мамырда Анкарада «Kazakhstan Engineering» ҰК» АҚ мен «Turkish Aerospace» арасында әскери-техникалық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Құжаттық келісім бойынша Қазақстанда «Kazakhstan Engineering» еншілес компаниясы базасында ANKA ұшқышсыз ұшу аппараттарын құрастыру және оларға техникалық қызмет көрсету желісі ұйымдастырылады.
Қазақстандық делегацияның Анкараға сапары аясында ANKA ұшқышсыз ұшақтарын Қазақстанда бірлесіп өндіру туралы келісімге «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Теміржан Әбдірахманов және «Turkish Aerospace» (TUSAŞ) президенті, профессор Темел Котиль қол қойды.
Келісім шеңберінде ҰҰА-тарын бірлесіп өндіру саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері үшін ҰҰА-тарын техникалық қызмет көрсету және жөндеу үшін технологияларды беру және персоналды оқыту жоспарланып жатыр.
Қазақстан ANKA дрондары өндірісі жолға қойылған алғашқы шет ел болды. TUSAŞ бас директоры Темел Котиль шетелдік серіктестердің ANKA дрондарына деген қызығушылығының артуымен мақтаныш сезімін білдірді.
«Жаңа келісім бауырлас Қазақстанмен достық байланыстарды одан әрі нығайтуға ықпал етеді»,— деп атап өтті Котиль.
ANKA барлау және соққы дрондары 2013 жылы Түркияда құрастырылды. Ұрыс жағдайында сыналды. ҰҰА–ның ең жоғары ұшу салмағы 1 700 келі, пайдалы жүктемені 350 келіге дейін көтеруге қабілетті, ұшу уақыты-ең жоғары биіктігі 9 000 метрге дейін, ұзақтығы 30 сағатқа дейін. Қанатының ұзындығы 17,5 метр, ұзындығы шамамен 8 метр болады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық