Си Цзиньпиннің шақыруымен Владимир Путин 19–20 мамыр күндері Қытайға ресми сапармен барады
Фото: Ашық дереккөзден
Владимир Путин 19–20 мамыр күндері Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барады, деп хабарлайды Orda.kz.
Кремльдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл сапар Си Цзиньпиннің шақыруымен жүзеге асады.
«ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Ресей президенті Владимир Путин 19–20 мамыр күндері Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барады» деп жазылған ресми мәлімдемеде.
Сапар барысында екі ел басшылары Мәскеу мен Бейжің арасындағы стратегиялық серіктестікті, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылайды. Келіссөз қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме мен бірқатар құжаттарға қол қою жоспарланған.
Сонымен қатар, Путин мен Си Ресей мен Қытайдағы Білім жылының ашылу салтанатына қатысады.
Сапар аясында Ресей президенті Қытай Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Цянмен де кездесу өткізеді.
Еске салсақ, былтыр Ресей мен Қытай көшбасшылары Владимир Путин мен Си Цзиньпин Бейжіңде екіжақты келіссөз өткізген болатын.
Бұған дейін Бейжіңдегі Халықтық жиналыстар үйінде Ресей, Қытай және Моңғолия көшбасшыларының үшжақты кездесуі өткен болатын. Бұл осындай құрамдағы жетінші көшбасшылар саммиті, дәл осындай форматта 2022 жылы жиналған болатын.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық