Судья Жолманова пара алу оқиғасын арандатушылық деп санайды

cover

Алаяқтық әрекеттер жасады деп күдіктелген судья Светлана Жолманова өзіне тағылған айыптауларды жоққа шығарды.

Ratel.kz басылымы судья Светлана Жолмановадан алған сұхбаттың видеосын жариялады. Онда ол өзінің кеңсесіндегі сейфтен табылған ақша оның жеке жинағы екенін және  бұл оқиғаны  арандатушылық деп санайтынын айтқан.

— Қазіргі уақытта мені әлі ұстаған жоқ және пара алды деген күдік тағылған жоқ. Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай мені парамен ұстаған жоқ. Менің кабинетімдегі сейфтен тәркіленген 10 мың доллар менің жеке жинағым,  - дейді ол.

Оның айтуынша, бұл ақшаға ол ескі пәтерін сатып, тұрмыстық жағдайын жақсартқысы келген.

— Жұмыстағы сейфте болмаса, мұндай көп ақшаны қайда сақтауға болады? Үйде бал-шаға бар қауіпті, - деді судья.

Жолманова өзінің пәтерін тінту кезінде 2 800 000 доллар, көліктен 600 000 доллар және оның жұмыс бөлмесінен 4500 доллар табылды және құрылыс салушыдан пара талап еткен деген ақпаратты  толығымен жоққа шығарып отыр.

Ол сот жүйесінде 2003 жылдан бастап жұмыс істейді. 2014 жылы ол Медеу аудандық сотының судьясы болып тағайындалады. Оның айтуынша, Медеу сотының төрағалығына оның тікелей басшысы болып Боранбаев Әсет келгеннен кейін екеуінің  қарым-қатынасы нашар болған және жаңа басшы  оның жұмысынан үнемі ақау таба берген (актілер жасау, сот тергеуі және т.б.), себебі басшыға оның өз ойын ашық,  тәуелсіз айтатыны ұнамаған.  Шамасы, жылдар өте келе бұл қатынас шиеленісе түскен сияқты.

Бұған дейін басылым жазғандай, желіде Жолмановаға қатысты ақпарат пайда болды, осыған қатысты судья:

— Құрметті әріптестер, мен туралы жіберілген ақпаратқа және фотосуретке сенбеңіздер, ақша жеке қаржым, оның ешқандай бизнеске қатысы жоқ, суретті бүйірде отырған ҰҚК офицері түсірген. Бұның бәрі менің жеке көзқарасыма және басшылықпен араздығыма байланысты. Оған сот төрағасымен тығыз байланыста болған ҰҚК қызметкерінің қатысы бар.   Осылайша, менің тәуелсіз көзқарасым мен  басшылықпен келіспеушілігім үшін қысым жасалып жатыр. Мұның бәрі жалған ақпарат, - деп мәлімдеме жасады.

Еске сала кетейік, 28 сәуірде кешке Медеу аудандық сотының судьясына қарсы бірлескен тексеру жүргізген Алматы қалалық соты мен ҰҚК Алматы департаментінің күзет қызметі туралы ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланды .

— Судья мүдделі тұлғаларға олардың пайдасына шешім шығаруға көмектесуге байланысты алаяқтық әрекеттерді жасады деп күдіктелуде, - деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

Кейінірек судьяның аты-жөні және екі фотосурет бұқаралық ақпарат құралдарында таралды, оның бірінде столға жайылған ақша, ал екіншісінде - мантия киген судья ұялы телефонын қолына  ұстап отыр, ал  оның кабинетіндегі  адамдар тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, судья Жолмановадан кеңседе 4500 доллар, үйінен тағы 2,8 миллион доллар, автокөлікте 600 000 доллар тәркіленді және құрылыс салушыдан алынған делінген пара сомасы 1,18 миллион доллар екендігі туралы ақпарат пайда болды.

Дегенмен сол күні бұл ақпаратты қалалық сот жоққа шығарып, тек 10 мың доллар тәркіленгені туралы хабарлады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар