Су тасқыны аяқталып еді, мен оларға керек болмай қалдым: Мемлекет кәсіпкерді 35 млн теңгеге қалай алдады
Фото: Бейнежазбадан кадр
Ақмола облысы Аршалы ауданының кәсіпкері Дидар Қызыров жергілікті әкімдік оған 2024 жылы су тасқыны кезінде еріген қар суын сору жұмыстары үшін 35 млн теңгеден астам қарыз болғанын мәлімдейді. Кепілдік хатына, орындалған жұмыстардың актілеріне және жергілікті шенеуніктердің растауына қарамастан, оған ақша әлі күнге төленбеген. Толығырақ Orda.kz материалында.
Әкімдіктің өтініші бойынша — өз ақшасы есебінен жұмыс істеді
2024 жылдың көктемінде өңірде қатты су тасқыны басталған кезде кәсіпкер Дидар Қызыров Жібек жолы ауылында су сору келісімшартын орындап жатқан.
«2024 жылы наурыз айында Аршалы ауданындағы еріген қар суын сору бойынша тендерді ұтып алдым. 10 млн теңге қаражатқа 21,5 мың текше метр су сорып алу керек болды», - дейді ол.

Бірақ су көлемі күрт өсіп кеткен. Қызыровтың айтуынша, ол тендер аясында жұмыстарды тез орындап, кейін тағы 9 млн теңгеге су сору жұмыстарын жалғастырған. Бұл ақша оған төленді. Кәсіпкер барлық жұмысты аяқтаған кезде одан жұмысты тоқтатуды өтінген.
«Мен жұмыс аяқталды, тоқтатамын дедім. Ал олар болса, қазіргі жағдайда емес, Мемлекеттік сатып алуға уақыт жоқ, бес күн күте алмаймыз, су көтеріліп жатыр деді. Олар су тасқыны аяқталғаннан кейін бәрін төлеуге уәде беріп, жұмысты жалғастыруымды сұрады. 29 наурызда ТКШ бөлімі маған кепілдік хат берді».

2024 жылдың көктемінде Қазақстан нағыз су тасқыны апатына ұшырады. Еліміздің 10 облысында ондаған елді мекен су астында қалды. Су үйлерді, жолдарды, бизнесті қиратты. Адамдар эвакуацияланды, көбісі баспанасыз қалды. Билік жағдайды құтқару үшін техниктерді, жеке меншік иелері мен еріктілерді шұғыл түрде жұмысқа тартты. Кейін су тасқынынан елге келтірілген жалпы шығын 300 млрд теңгеден асқаны белгілі болады. Дәл осы қиын сәтте Дидар Қызыров су сору жұмыстарын жалғастыра берді.
Нәтижесінде, оның айтуынша, ол шамамен 35 млн теңгеге 74 мың текше метр су сорған. Күн сайынғы жұмыс атқару барысында аудан әкімінің орынбасары, ауыл әкімі және мамандарды қоса алғанда, әкімдік өкілдері болған.
«Олар бәрін бақылап, актілерге қол қойып отырды. Мен төлейтіндеріне сенімді болдым. Олардың тіпті резервтік шоты болды. Экономика бөлімі резервте ақша барын растады. Алайда, кейін олар маған төлей алмайтындарын, өйткені бұл заң бұзушылық болатынын айтты. Себебі төтенше жағдай жарияланбаған екен».

Оның айтуынша, ауданда ТЖ режимі енгізілмеген.
«ТЖ жарияланбады, өйткені мен су сорумен айналыстым. Күн сайын 20 көлігім жүріп тұрды. Басқа ешкім бұл жұмыспен айналысқан жоқ. Тек менің фирмам ғана. Бұл менің су тасқыны кезінде демеуші ретінде көмектескенімді, ақысыз жұмыс жасағанымды есептемегенде».
«Енді ешкім сөйлескісі келмейді»
Ауқымды су тасқыны бір жыл бұрын аяқталды, ал ақша әлі жоқ. Әкімдік қызметкерлері Дидар Қызыровқа сотқа жүгінуге кеңес берді. Яғни, сот шешімі арқылы ғана оны заңды түрде төлеуге болатынын айтқан. Сотта олар кәсіпкердің шынымен осы қаражатқа жұмыс істегенін растаған.
«Бірақ сот менің жағыма шыққан жоқ. Неге екенін мен түсінбедім. Қазір әкімдікте ешкім менімен сөйлеспейді. Су тасқыны аяқталды - мен оларға керек емеспін».
«Мен тек қарыздарымды қайтару үшін жұмыс істеймін»
Енді кәсіпкер әділдікке қол жеткізуге тырысуда. Оның айтуынша, ол өзімен бірге су соруда жұмыс істеген қосалқы мердігерлер алдындағы үлкен қарыздарымен, несиелерімен және
міндеттемелерімен жалғыз қалды.
«Белшеден қарызға баттым. Менің несиелерім бар, мен әлі де несие төлеудемін. Мен бұл ақшаны қайтару үшін жыл бойы жұмыс істеп жүрмін. Пайда жоқ. Тек қарыздар».
Кәсіпкердің айтуынша, әкімдіктен мөр басылып, қол қойылып берілген кепілдік хаттың заңды күші жоқ болып шықты. Орындалған жұмыс актілері де дәл солай. Ол осыдан кейін шенеуніктердің сөзіне сенуге болмайды деген қорытындыға келді.
«Мен қазір ешкімге сенбеймін. Олар мемлекет мүддесі үшін алдай алады екен. Тіпті қол қойылып, мөр басылса да».
Алда Дидар Қызыровтың талабы бойынша апелляция тұр. Сондай-ақ ол Президентке хат жазды.
Orda.kz редакциясы өз кезегінде Аршалы ауданының әкімдігіне ресми сауал жолдады.
Жаңалықтар
- Атырауда Жангелдин ауылының жоғалып кеткен екі тұрғынының мәйіттері табылды
- Қазақстанның үздік теннисшісі турнирдің ширек финалына шықты
- «Қышқыл бұлттар» пайда болғаны туралы ақпарат жалған
- Дауыс беру кезінде «өшіп кететін сия» туралы бейнеге ОКҚ түсініктеме берді
- Ұлттық банк төрағасы Қазақстандағы инфляцияның үдеу қаупі туралы айтты
- Уиткофф пен Кушнердің 10 наурыздағы Израильге сапары тоқтатылды
- АҚШ қоғамы Трамптың кенже ұлы Бэрронды Ирандағы соғысқа жіберуді талап етіп жатыр
- Қазақстандық ғалым Шыңжаңда Абайды «дұрыс түсіндірмеді» деген айыппен сотталды
- Щучинскідегі өрттен зардап шеккен тағы екі адам ауруханада бақилық болды
- Таяу Шығыстан 7,3 мыңнан астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жағдайына байланысты әлемдік нарықта мұнай бағасы өсе түсті
- Тараз тұрғыны «өзін-өзі тонап», қарақшылық туралы экшн сценарий ойлап тапқан
- Таяу Шығыс елдеріне 28 ақпаннан кейін рәсімделген турларға кепілдік берілмейді
- Алматыда ауаның ластанғаны ескертілді, мәслихат арнайы ереже қабылдады
- Спортшыларымыз халықаралық аренада бірнеше жарқын нәтиже көрсетті
- «Дамумед» жеке деректерді заңсыз пайдаланып, 66 миллион теңге залал келтірді
- Иран Сарапшылар кеңесі жаңа жоғарғы көшбасшы кім екенін мәлімдеді
- 9 бен 16 жас аралығындағы жас шахматшылар БАӘ-ден елге қайта алмай отыр
- Иранда жаңа жоғарғы көшбасшы таңдалды, бірақ аты аталған жоқ
- Біріккен Араб Әмірліктері Иранға алғашқы соққысын жасады