Су басқан Алматы әуежайы жауапкершілікке тартылды
Фото: Ашық дереккөзден
Алматы халықаралық әуежайы терминалының су басуына байланысты әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазақстан Республикасы көлік министрлігі терминал шатырының су басуына байланысты Алматы халықаралық әуежайының басшылығымен шұғыл кеңес өткізді. Оның қорытындысы бойынша әуежай әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитеті баспасөз қызметі.
«Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің басшылығы құқық қорғау органдарымен бірлесіп, Алматы халықаралық әуежайы әкімшілігімен терминал шатырының су басуына қатысты оқиға бойынша шұғыл кеңес өткізді. Азаматтық авиация комитеті әуежайды Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартты. Әуежай басшысы техникалық мәселелерге жауапты аға вице-президент Мехмет Гюзельге қатысты тәртіптік жаза қолданылғанын мәлімдеді» деп жазылған хабарламада.
Әуежай жолаушылардан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.
Қазіргі уақытта, комитеттің мәліметінше, анықталған кемшіліктерді жою бойынша шаралар күшейтілді, барлық жұмыстар жедел режимде жүргізілуде. Су басу себептерін толық жою және жұмыстарды аяқтау алты ай ішінде жоспарланып отыр.
Еске салсақ, 3 мамыр күні Алматы халықаралық әуежайы тағы да нөсер жаңбырға шыдамай, су астында қалған болатын, жауған қатты нөсер жаңа әуежайдың шатырынан ішіне сорғалап, алаңдарын су басты.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық