Алматы әуежайы нөсерге шыдас бермей, шатыры шытынап, тағы да су басты
Фото: Berkut 001 телеграм арнасы
Алматы халықаралық әуежайы тағы да нөсер жаңбырға шыдамай, су астында қалды. 3 мамыр күні қалада жауған қатты нөсер жаңа әуежайдың шатырынан ішіне сорғалап, алаңдарын су басты, деп хабарлайды Orda.kz.
Әлеуметтік желіде жарияланған видеода әуежай қызметкерлерінің тексеру аймағы мен паспорттық бақылау бөлігінде су басу салдарымен қарбалас болып жатқаны көрінеді. Куәгерлердің айтуынша, су ғимараттың ішіне шатырдан шелектеп сорғалаған.
Иә, Алматыда жаңбыр жауса — әуежай су астында қалатын болды. Бұл бірінші жағдай емес, осы жолы су тексеру және паспорттық бақылау аймағын басты.
Куәгерлердің айтуынша, ғимараттың ішіне төбеден су төпеп, сыртта да жүруге мүмкін болмай, адам түгілі көлік әрең өтетін көлшіктер пайда болған.
Әуе айлағының кіру және шығу жолдары уақытша жабылды. Кезек пайда болды, сол аралықта халықаралық терминал ішіндегі жағдайдың фотосын оқырмандар желілерде бөлісті.
Видео: Елена Разумихинаның Threads аккаунтынан
Оқиғаны әуежайдың баспасөз қызметі растады.
«Қатты жауын-шашынның салдарынан Т1 және Т2 терминалдарының кейбір аймақтарында шатырдан су ағу дерегі тіркелді. Салдары 30 минут ішінде жедел түрде жойылды және рейстердің орындалуына әсер еткен жоқ» деп жазылған хабарламада.
Алматы әуежайы 2020 жылдан бастап TAV Airports Holdings компаниясына тиесілі. Бұл түрік компаниясының Алматыдағы ең ауқымды жобасы 2024 жылдың маусымында ашылған жаңа терминалдың құрылысы болды.
Жаңа халықаралық терминалдың ауданы — 54 мың шаршы метрге жуық. Оның құрылысына 780 млн доллар жұмсалды.
Еске салсақ, 2025 жылдың ақпанында құбыр жарылып, төбесінен су ағып кеткен болатын. Бұл мердігер ұйым сумен жабдықтау үшін резервтік құбыр орнатқан кезде болды. Ал 2024 жылдың шілдесінде әуежай терминалы жаңбырдан кейін су астында қалды.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта әуежай қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Инфрақұрылымды тексеру жүргізіліп, себептері анықталып, алдағы уақытта мұндай жағдайлардың алдын алу шаралары қабылдануда.
Оқи отырыңыз:
- Алматы әуежайы түрік менеджерінің ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды
- Полицейлер Алматы әуежайы қызметкеріне шабуыл жасаған ер адамға қатысты үш қылмыстық іс қозғады
- Жапонияның атақты әуежайы өз салмағын көтере алмай суға кетуі мүмкін
- «Қайрат» ФК дәрігері Астана әуежайында бомба туралы қалжыңдаймын деп жауапқа тартылды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық