Тісін емдеймін деп барып, ажал құшқан жігітке қатысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: Threads/assel.aizhanova
Астанада тіс емдеу орталығындағы 20 жастағы жігіттің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Orda.kz.
Астана қаласында 20 жастағы Есболған Мұрат Жеңісханұлының туыстары оның Tem.Dent стоматологиясына барғаннан кейін қайтыс болғанын мәлімдегенін жазған едік. Олардың айтуынша, жас жігіт дәрі егілгеннен кейін көз жұмған.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ем барысында пациентке дәрі егілгеннен кейін оның жағдайы күрт нашарлаған. Әлеуметтік желіде марқұмға аллергиялық сынама жасалмағаны жазылды.
Жақындарының сөзінше, 2005 жылы туған жігіт қабылдауға еш шағымсыз, тек тісін емдету үшін келген. Инъекция алдында оған аллергиялық сынама жасалмаған. Алғашқы екпеден кейін жігіттің денесі құрыса бастаған. Туыстарының айтуынша, соған қарамастан оған қайтадан дәрі егілген.
Кейін жігіт есінен танып қалған. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылғанымен, отбасының айтуынша, оны аман алып қалу мүмкін болмаған.
Марқұмның туыстары екпені дәрігер емес, тәжірибеден өтіп жүрген студент жасағанын, ал жанында медбике болғанын айтады. Сонымен қатар, олардың сөзінше, болған жағдай туралы ата-анасына бірнеше сағаттан кейін ғана хабарлаған.
Қайтыс болған жігіттің отбасы оқиғаның мән-жайын мұқият тергеуді талап еткен болатын.
Бұл дерек ресми түрде расталған жоқ. Жауапты министрлік тексеріс жүргізіп, медициналық қызмет көрсету талаптарының сақталуын тексеріп жатыр.
Оқи отырыңыз:
- Астанада 20 жастағы жігіт тісін емдеймін деп барып, өмірінен айырылды
- Қазақстанда заңсыз айналымнан 12 тоннадан астам алтын тәркіленді
- Астанада үй ауласында баланы көлік қағып қаза болды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық