Сот журналист «Амангелді Батырбековті өлтіруге тапсырыс берген» экс-шенеунікті 11 жыл 3 айға түрмеге жапты

cover

Сот журналист «Амангелді Батырбековті өлтіруге тапсырыс берген» экс-шенеунікті 11 жыл 3 айға түрмеге жапты.

Түркістан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты республикалық «Сарыағаш-информ» газетінің бас редакторы Амангелді Батырбековті өлтіруге тапсырыс берді деп айып тағылған Сарыағаш аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің (бұрынғы білім бөлімі – ред.) экс-басшысы Бауыржан Майриховты 11 жыл 3 айға, оның сыбайластары Сабыржан Молдаходжаевты – 11 жылға, Әбдухамит Қуандықовты - 13 жылға, Мейіржан Досболаев пен Нұрғали Қыдырәлиевті 12 жылға бас бостандығынан айырып, түрмеге жапты. Сот Майрихов пен Молдаходжаев - Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабымен, Қуандықов пен Досболов - «Адам өлтіру», «Қаруды заңсыз жасау» (288-бап), «Қазуды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бабы (287-бап), Қыдырәлиев «Адам өлтіру» және «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бабымен кінәлі деп тапты.

Сотталушылар үкімді онлайн тергеу изоляторында отырып тыңдады.

 - Соттың үкімімен келісемін. Моральдық шығын өндіру үшін шағым түсіремін, - деді жәбірленуші журналист Амангелді Батырбеков Orda.kz тілшісіне.

Сотталушылар судья үкімді түсіндіріп болғаннан кейін онымен келісе ме, жоқ па пікір білдірмеді.

Соңғы сөз кезінде Майрихов пен Молдаходжаев айыппен келіспейтінін айтқан.

4 қаңтарға қараған түні Түркістан облысы Сарыағаш қаласында Амангелді Батырбековтің үйінің маңында ұлы Дінмұхамедке белгісіз біреулер оқ атып, бой тасалаған. Кейіннен полиция бес адамның қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған.

Айыпталушылардың үшеуі Сарыағаш ауданы, екеуі Шымкент қаласының тұрғыны.

Айыптау актісіне қарағанда, Батырбеков Facebook парақшасында Сарыағаш аудандық білім бөлімі қызметкерлері мен басшылығының іс-әрекеттері жөнінде сыни мақалалар жазған. Осы материалдар негізінде білім бөлімінің басшысы Майрихов жұмыстан босатылған. Бұған кектенген ол Батырбековті қасақана өлтіруді ұйымдастырып, тапсырыс берген.

Айыпталушы Майрихов пен Молдаходжаев - Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабымен, Қуандықов пен Досболов - «Адам өлтіру», «Қаруды заңсыз жасау» (288-бап), «Қазуды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бабы (287-бап), Қыдырәлиев «Адам өлтіру» және «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бабымен айыпталған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар