СҚО-да жантүршігерлік жол апатынан сегіз адам зардап шекті, оның алтауы бала
Фото: СҚО ПД
Солтүстік Қазақстан облысында болған ауыр жол-көлік оқиғасы салдарынан сегіз адам зардап шеті, көлік ішінде болған балалар да жарақат алды, деп хабарлайды Orda.kz.
Апат салдары түсірілген бейне әлеуметтік желілерде тарады. Видео авторының айтуынша, зардап шеккен жүргізуші көліктен бірнеше метр жерде жатқан, ал қозғалтқыш ондаған метрге ұшып кеткен.
Шетелдік көліктен түк қалмай, темір үйіндісіне айналған. Алдын ала мәлімет бойынша, көліктердің бірінде алты бала болған, олардың барлығы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі олардың жағдайы туралы кейінірек хабарлайтынын мәлімдеді.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі Mazda және Toyota Estima көліктері қатысқан жол апаты Петропавл – Көкшетау тасжолында, Аққайың ауданына қарасты Астраханка ауылының маңында болғанын растады.
«Апат салдарынан Mazda жүргізушісі мен Toyota Estima көлігі салонында болған жеті адам медициналық мекемелерге жеткізілді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тергеу нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады», деп түсіндірді СҚО полиция департаменті.
Полиция қызметкерлері жүргізушілерге жылдамдық режимін қатаң сақтау, жол және ауа райы жағдайларын ескеру, қарсы жолаққа шықпау және рөлде барынша мұқият болу қажеттігін еске салды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық