Данияр Елеусінов Астанада екі жол апатына қатысы бар деген күдікпен ұсталды
Фото: nstagram.com/yeleussinovdaniyar
Астанада полицейлер екі жол-көлік оқиғасына қатысқан Toyota Land Cruiser автокөлігінің жүргізушісін ұстады. Полиция рөлде бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов болғанын растады, деп хабарлайды Orda.kz.
Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қалада бірнеше автокөлік зақымданған екі жол апаты болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Land Cruiser көлігінің жүргізушісі басқа көліктермен соқтығысып, кейін оқиға орнынан кетіп қалған.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде көлік анықталып, полиция қызметкерлері тарапынан Достық көшесінде тоқтатылды. Рөлде алкогольдік масаңдық белгілері бар 35 жастағы ер адам болған», деп хабарлады полиция
Ведомствоның мәліметінше, екі жол апаты салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша жүргізушінің әрекетіне құқықтық баға беріліп, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылданады.
Полицияда сондай-ақ «жауапкершілік адамның танымалдылығына, кәсібіне, лауазымына немесе еңбегіне байланысты емес» екенін атап өтті.
Бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновке қатысты әкімшілік іс сотқа түсті. Сот базасының мәліметі бойынша, Астанада болған екі ЖКО-дан кейін және апат болған жерден кетіп қалған спортшыға бірден үш әкімшілік хаттама толтырылды.
Егер сот оны кінәлі деп тапса, Елеусінов әкімшілік қамауға алынады, 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады және жеті жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылады.
Еске салсақ, Данияр Елеусінов — Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, 2016 жылғы Олимпиада чемпионы, 2013 жылғы әлем чемпионы, Азия ойындарының екі дүркін жеңімпазы (2010, 2014) және Азияның екі дүркін чемпионы (2013, 2015). Кәсіпқой бокста ол жартылай орта салмақта IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы (2021–2024) және IBF Inter-Continental чемпионы (2020–2022) атақтарын иеленген.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық