Си Цзиньпин КХДР-ға жеті жылдан кейін алғашқы мемлекеттік сапармен келді
Фото: Синьхуа
Ким Чен Ын Пхеньяндағы Ким Ир Сен алаңында Си Цзиньпинді салтанатты түрде қарсы алу рәсімін ұйымдастырды, деп хабарлайды Orda.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Кейін екі ел басшысы келіссөз өткізіп, көрші мемлекеттер арасындағы көпжылдық достыққа берік екендерін растады және екіжақты қатынастарды одан әрі дамытуға уағдаласты.
Си Цзиньпин Қытай мен КХДР халықаралық және өңірлік істерде стратегиялық өзара іс-қимылды нығайтып, екі елдің ортақ мүдделерін қорғауы қажет екенін мәлімдеді.
Ким Чен Ын да КХДР Қытаймен бірге екі партия мен екі мемлекет арасындағы барлық деңгейдегі алмасуды күшейтуге дайын екенін атап өтті. Сонымен қатар, ол партия құрылысы мен экономикалық даму сияқты бағыттарда тәжірибе алмасудың маңыздылығын айтты.
Оның сөзінше, КХДР Қытаймен өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетіп, жаңа нәтижелерге қол жеткізуге ниетті.
Бұған дейін Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Солтүстік Кореяға барып, ел басшысы Ким Чен Ынмен кездесетіні туралы жаздық. Сапар 8–9 маусым күндеріне жоспарланған және Солтүстік Корея көшбасшысының шақыруымен өтеді.
Бұл Си Цзиньпиннің Пхеньянға 2019 жылдан бергі, яғни соңғы жеті жылға жуық уақыттағы алғашқы сапары болмақ. Аталған сапар Қытай басшысы Бейжіңде АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путинді қабылдағаннан кейін бірнеше апта өткен соң жүзеге аспақ. Бұл екі ел Пхеньянның сыртқы саясатында маңызды рөл атқарады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық