Шымкентте буллингке қатысты 400-ден астам шағым түсіп, кейбір директорлар жұмыстан қуылды
Фото: Elements.envato.comи
Шымкент қаласының білім басқармасы соңғы бір жыл ішінде мектептер мен колледждердегі буллингке қатысты полицияға 400-ден астам шағым түскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz Otyrar телеарнасына сілтеп.
Телеарна мәліметінше, биылғы оқу жылы барысында мектептер мен колледждердегі қорлау фактілері бойынша полицияға 400-ден астам арыз түскен. Оның 22 дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Бұл ретте буллинг жағдайлары көбіне оқу орындарында орнатылған бейнебақылау камералары арқылы анықталған.
Соның бірі жоғары сынып оқушылары кіші сынып балаларын акт залына жинап алып, тізерлетіп отырғызып қойған. Оқиға салдарынан Шымкент мектебіндегі буллинг үшін директор жұмыстан шығарылды.
«Оқиға №142 мектепте орнатылған камералардың көмегімен тіркелді. Онда буллинг фактісі болған. Акт залында жоғары сынып оқушылары кіші сынып оқушыларын тізерлетіп, күш қолданған. Мұның барлығы камераға түсіп қалған, нәтижесінде мектеп директоры жұмыстан босатылды.Сондай-ақ тәрбие және оқу ісі жөніндегі орынбасарларға қатысты да шаралар қабылданды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деді Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Қуаныш Ысқақов.
Ысқақовтың айтуынша, мектептердегі буллингті тек оқушылар ғана емес, кейбір қызметкерлер де жасайды. Мәселен, бір мектепте қызметкер балаға физикалық күш қолданған. Қалалық білім басқармасының басшысы буллингтің алдын алу үшін бейнебақылау камераларын дұрыс қадағалау және ата-аналармен жұмысты күшейту маңызды екенін атап өтті.
Ең бастысы — ресми мәліметтерге сәйкес, буллинг жағдайлары адам өліміне әкелмеген.
Тақырыпқа қатысты ұсынамыз:
- Жамбыл облысындағы мектептегі буллинг: балалар құрбан болып жатыр, жауаптылар оны жасырып әлек
- Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек кабинеттері ашылады
- Мектептер енді буллинг пен зорлық-зомбылықты жасыра алмайды: өңірлерде балаларды қорғау күшейтіледі
- Тараздағы жеті қыз жабылып кастетпен ұрды деген оқиға ойдан шығарылған
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық