Мектептер енді буллинг пен зорлық-зомбылықты жасыра алмайды: өңірлерде балаларды қорғау күшейтіледі
Фото: Динара Зәкиеваның инстаграм-парағы
Қазақстан өңірлерінде бала құқығын қорғау бойынша арнайы басқармалар құрылады. Бұл туралы балалар омбудсмені Динара Зәкиева мәлімдеді деп хабарлайды Orda.kz.
Қазір үкімет бала құқығын қорғау жүйесі туралы заң жобасын дайындауда. Құжатта жаңа басқармалар мен бөлімдердің құрылымы мен функциялары егжей-тегжейлі жазылған.
Жобаға сәйкес ашылатын жаңа мекемелер:
• бала құқықтарының бұзылуын алдын алу жөніндегі шараларды үйлестіру;
• зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алу;
• бала құқықтарының бұзылуы туралы әрбір дабылға жауап беру;
• қажет болған жағдайда өз қызметкерлерін оқиға орнына жөнелту үшін жуап
Жаңа ведомстволардың қызметкерлері қолайсыз отбасыларға үнемі барып, балалардың өмір сүру жағдайларын қадағалайтын болады; қылмыстық процестер шеңберінде кәмелетке толмағандарға ілесіп жүріп; мұқтаж адамдарға психологиялық көмек көрсетеді.
Зәкиева атап өткендей, қазір облыс және аудан әкімдіктерінде бала құқықтарын қорғаумен айналысатын жеке органдар жоқ. Бұл ретте әрбір үшінші қазақстандық – бала жасында.
Омбудсменнің айтуынша, өңірлерде бала құқықтарын қорғау бойынша жеке басқармалар құру қажеттілігі туындап отыр. Қазір бұл мәселе білім беру басқармаларының жауапкершілігіне жатады, бірақ мұндай тәсіл тиімсіз. Негізгі проблемалық тұстардың бірі - мүдделер қақтығысы. Мектептер бiлiм беру жүйесiнiң бiр бөлiгi ретiнде өз беделiнен қауiптенедi және бұзушылықтарды қасақана жасырады.
Бала құқықтарын бұзудың алдын алуға жауап беретін кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссиялар да іс жүзінде оншалықты тиімді емес. Оның бір себебі - мұндай жұмыс комиссия құрамына кіретін әкімдік қызметкерлері үшін қосымша жүктеме ретінде қарастырылады.
Нәтижесінде бала құқықтарын қорғау мәселелерімен әртүрлі құрылымдар айналысатын, бірақ іс жүзінде оған ешкім жауап бермейтін жағдай қалыптасты.
Жақында Динара Зәкиева Қазақстанда баламен түскен фото және бейнелерді заңсыз пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілуі мүмкін деп мәлімдеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық