Хиллари Клинтон: Трамп «мүлдем алжи бастады»
Фото: Шетелдік БАҚ-тардан
АҚШ-тың экс-мемлекеттік хатшысы және бұрынғы бірінші ханымы Хиллари Клинтон Дональд Трамптың әрекеттері мен шешімдеріне қатысты пікір білдіріп, оны «тіпті есінен ауысқан» деп атады, деп хабарлайды Orda.kz.
«Трамп, шамасы, мүлде есінен адасқан сияқты және бұл туралы ашық айту керек» деп жазды Клинтон.
Осылайша, ол америкалық телеарналардың біріндегі жаңалықтар бағдарламасының үзіндісіне пікір білдірді. Аталған бағдарламада Клинтон қысқа сұхбат берген болуы мүмкін.
Жүргізушілердің Клинтонға қойған сұрақтары Трамптың соңғы жарияланымдарына қатысты болды. Атап айтқанда, Трамп жасанды интеллект арқылы жасалған, өзін Иса Мәсіх бейнесінде көрсеткен фотосуретті жариялағаны сөз болды.
Бұл суретті truthsocial.com желісінде жариялап қойған Трамп жұрттар сынай бастаған соң жарты күн өтпей жатып алып тастады.
Дональд Трамп Иса бейнесінде. Сурет: truthsocial.com
«Мен де Трамптың жазбаларын көпшілік америкалықтар сияқты басымды шайқап отырып оқимын, елімізді осындай ұяты жоқ президенттің басқарып отырғаны жиіркеніш сезімін тудырады», — деді Клинтон.
Бұған дейін Трамптың Иран мәселесіне байланысты Рим папасына да соқтығып, сын айтқаны белгілі. Сонымен қатар АҚШ президентінің өзін Иран соғысында қолдамаған Еуропа елдерінің басшыларына да өкпесі қара қазандай.
Оқи отырыңыз:
- Иран АҚШ-тың қарулы соғысына «логистикалық соғыспен» жауап беріп, стратегиялық тығырыққа тіреді
- Трамп өзін қолдамаған НАТО одақтастарын жазаламақшы
- АҚШ профессоры: Трамп тығырыққа тірелді, Иран әлемді аузына қаратып отыр
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық