Қостанайда тірі адамның қолына «қайтыс болғаны» туралы күәлігін ұстатқан
Фото: Көрнекілік үшін
Қостанай тұрғыны Владимир Шремф өмірден өтпей тұрып, өзінің қайтыс болғаны тура күәлікті қолына алды, деп хабарлайды Orda.kz.
30 наурыз күні Қостанай қаласының тұрғыны Владимир Шремф өзінің Әулиекөл ауданында тұратын анасына қайтыс болғаны туралы күәлік рәсімдемекші болады. Құжаттарды рәсімдеу үшін Владимир аудандық емханаға жүгінген.
Алайда анасының өлімі туралы анықтама мен жеке куәлігін тапсырған кезде, медицина қызметкері өрескел қателік жіберіп, куәлікті марқұм анасына емес, өтініш берушінің өз атына рәсімдеп жіберген.
Енді Шремф шын мағынасында «өмірден баз кешіп» отыр. Оның барлық құжаты жарамсыз болып қалғандықтан, енді ол табыс таба алмайды, мемлекеттік қызметтерді пайдалана алмайды, тіпті медициналық көмекке жүгіне алмайды, жүргізуші куәлігі мен ЖСН-і де жарамсыз деп танылған.
Оның «өлімін» рәсімдеген емхана қызметкері тәртіптік жаза алды, алайда Владимир Шремфтің құжаттарын қалпына келтіру әлдеқайда күрделі болып шықты.
Қазір ол жағдайды сотқа дейін реттеуге тырысып, тіркеу органынан қате тіркелген «қайтыс болғаны» туралы жазбаны жоюды талап етуде.
Егер бұл нәтиже бермесе, жәбірленуші сотқа жүгінуге мәжбүр болады. Яғни, бұл жағымсыз оқиға әлі де ұзаққа созылуы мүмкін. «Қайтыс болғаны» туралы күәлігін құшақтап жүрген азаматтың ендігі бар үміті сот қорытындысымен өзінің тірі екенін дәлелдеп, құжаттарын ретке келтіру болып отыр.
Оқи отырыңыз:
- Алматыда жүк көлігін жалған құжатпен тіркеген арнайы ХҚКО қызметкерлері сотталды
- Алматыда Антикордың жалған қызметкері ұсталды
- Оңтүстік Корея президентінің енесі жалған банк құжатын жасағаны үшін ұсталды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық