Шомылу маусымы басталғалы 69 бала суға кетіп қайтыс болды
Фото: Айқын
Жаздың аптап ыстығында балалардың көбі өзен-көлдерге шомылуға құмар болатыны белгілі. Өкінішке қарай, осындай сергіп алудың соңы қайғылы жағдайлармен аяқталып жатыр. Көбінесе бұл шомылуға тыйым салынған жерлерде болады, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазақстан Ішкі істер министрлігі мәліметінше, балалар көбіне арнайы жабдықталмаған, яғни адамдар өздері тауып алған жағажайларға барады. Мұндай жерлерде су түбі тексерілмеген, иірімдер мен қатты ағыс болуы мүмкін.
Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың қаза табуына ересектердің жеткілікті бақылау жасамауы да себеп болатыны рас, әсіресе демалыс кезінде алкогольдік ішімдіктерді шамадан тыс қолданған жағдайда.
Шомылуға тыйым салынған жерлерде суға түскені үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 364-бабы) жыл басынан бері 2700-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сонда да жағдай өзгерер емес.
Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарды су айдындары маңында демалған кезде балаларды қатаң бақылауда ұстауға және оларды жалғыз жібермеуге үндеді.
Биылғы жаздың аптап ыстығы да бұған қосымша болып отыр. Қазгидромет синоптиктері ауа температурасы +48 градусқа дейін көтерілетінін, әсіресе Алматы, Астана және Шымкент тұрғындарының сақ болуы тиіс екенін ескертті.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық