Президент тапсырмасы: «Алматы – Қаскелең» жолы сегіз жолаққа дейін кеңейтіледі
Фото: gov.kz
Премьер-министр Олжас Бектенов Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмаларының орындалу мәселесі бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Orda.kz.
«Мемлекет басшысы Алматы қаласы мен оған жақын елді мекендердің тұрғындары тарапынан Алматы – Қаскелең жолының шамадан тыс жүктелуіне қатысты шағымдарға назар аударды. Президент жолды кеңейту жобасын дереу іске асыруды тапсырды.
Осы аптаның соңына дейін мердігер техника мен жұмыс күшін жұмылдыруы тиіс. Дүйсенбі, 20 шілдеде құрылыс жұмыстарын бастау қажет. Мемлекет басшысының тапсырмасы сапалы әрі мүмкіндігінше қысқа мерзімде орындалуы тиіс», — деді Олжас Бектенов.
Үкімет басшысы жобаның құны бекітілгенін және оның қымбаттауына жол берілмейтінін атап өтті.
«Жобаны іске асыру үшін сатып алынатын жер телімдеріне қатысты алыпсатарлықты болдырмау мақсатында олардың құны кешегі күнгі жағдай бойынша — 14 шілдеге белгіленуі тиіс», — деп атап өтті ол.
Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Алматы қаласынан Қаскелең қаласына дейінгі ұзындығы 8 шақырым автожол учаскесін 8 жолаққа дейін кеңейту жобасын таныстырды.
Қаржыландыру Қазақстанның даму банкі арқылы жүзеге асырылады. Жоба аясында екі жолайрық пен 9 жаяу жүргіншілерге арналған жерүсті өткелі салынады. Нәтижесінде осы учаскенің өткізу қабілеті 2 есеге артады. Құрылыс жұмыстарын аяқтау және пайдалануға беру 2027 жылдың желтоқсанына жоспарланған.
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының мәліметінше, мегаполиске күн сайын 300 мың автокөлік кіреді.
Ішкі автокөлік ағындарын ескергенде, жалпы трафик көлемі 1 миллионнан асады. Алматы – Қаскелең автожолы Алматы агломерациясындағы ең жүктемесі жоғары учаскелердің бірі. Мұнда қозғалыс қарқындылығы тәулігіне шамамен 60 мың көлікке жетеді. Сонымен қатар Абай даңғылын Үлкен Алматы айналма жолына дейін ұзарту жобасы туралы да баяндалды.
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Ұзынағаш ауылынан басталатын ұзындығы 32 шақырым балама жол құрылысы басталғанын хабарлады. Бұл жоба Алматы – Қаскелең трассасына түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.
Аталған жобалар бойынша Алматы қаласы мен Алматы облысындағы жер мәселелерін шешу жұмыстары аяқталуға жақын.
Сонымен қатар Алматы маңын дамыту шаралары талқыланды. Алматы – Есік, Алматы – Талғар бағыттарындағы жол жобалары қарастырылды. Сондай-ақ рельсті көлік пен Алматы метрополитенін дамыту жұмыстары жүргізілуде.
Үкімет басшысы Алматы агломерациясының көлік байланысын кешенді түрде дамыту бойынша бірқатар тапсырмалар берді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Роналду «Әл-Наср» сапында жеңіс голын соғып, 1000 голдық тарихи межеге жақындай түсті
- Якутияда қарттарды бопсалап ақша алып жүрген Қазақстан азаматы ұсталды
- Семей полигонының жабылғанына 35 жыл: Қасіреттен қарусыздануға дейін
- Талғарда ер адам жеті жасар қызды бұтаның арасына қарай сүйреді деген күдікке ілінді
- Өмір бойына бас бостандығынан айырылған Аймахан Шерханның адвокаттары апелляциялық шағым түсірді
- БАӘ-де қаза болған екі қыздың денесі Дубайдан елге жөнелтілді
- Бақытжан Базарбек өзі қағып кеткен адамға қатысты жаңа мәлімет берді
- «Бұндайларға рақым жоқ»: Садыр Жапаров «халық жауларын» жазалауға шақырды
- Түркістанның 100 тонна еті Алматыда 20 пайыз жеңілдікпен сатылады
- Непал мен Қытай шекарасындағы апат аймағында үш қазақстандық іздестіріліп жатыр
- Тоқаев Ядролық сынақтарға қарсы күрес күні қазақстандықтарға үндеу жасады
- Трамп Венесуэламен «тарихи» мұнай келісімін жариялап, бензин бағасы түсетінін айтты
- 1 қыркүйекте мұғалімдерге гүл сыйлауға бола ма? Оқу-ағарту министрлігі жауап берді
- Әділет Жауғашар «Сүй иә» әнінің сөзін өзгертті
- «13 млн теңге несие ал!» Алаяқтардың айтқанын орындап, полицияға да, ұлына да сенбеген
- Байзақ ауданында полиция басшысының экс-орынбасары пара алған
- Құрылтайда сегіз тұрақты комитет құрылып, төрағалары сайланды
- Құрылтай төрағасының орынбасарлары сайланды
- Құрылтай төрағасы болып Айбек Дәдебай сайланды
- Алматыда ұшақ өртенді