Еліміздің ірі үш қаласында ауа температурасы +48 градусқа дейін ысиды
Фото: vb.kg
Ауа температурасы +48 градусқа дейін көтеріледі, синоптиктер Алматы, Астана және Шымкент тұрғындарын ескертті. Қазгидромет синоптиктері алдағы үш күнге – 16, 17 және 18 шілдеге арналған Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Orda.kz.
Астана қаласындағы ауа райы болжамы
16 шілде – ауыспалы бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр, найзағай, екпінді жел күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан батысқа ауысады: түнде 5–10 м/с, күндіз 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +31...+33°C.
17 шілде – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел батыс, оңтүстік-батыс бағытта 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +17...+19°C, күндіз +31...+33°C.
18 шілде – ауыспалы бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр, найзағай. Жел батыс, оңтүстік-батыс бағытта 7–12 м/с. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз аптап ыстық +35...+37°C.
Алматы қаласындағы ауа райы болжамы
16 шілде – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +22...+24°C, күндіз аптап ыстық +36...+38°C.
17 шілде – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыс бағытта 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +22...+24°C, күндіз өте қатты ыстық +38...+40°C.
18 шілде – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел батыс бағытта 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +24...+26°C, күндіз өте қатты ыстық +40...+42°C.
Шымкент қаласындағы ауа райы болжамы
16 шілде – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыс бағытта 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде +21...+23°C, күндіз аптап ыстық +41...+43°C.
17 шілде – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыс бағытта 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде +23...+25°C, күндіз аптап ыстық +44...+46°C.
18 шілде – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыс бағытта 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде +25...+27°C, күндіз аптап ыстық +46...+48°C.
Бұған дейін синоптиктер алдағы үш күнде Қазақстанның батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында жаңбыр жауып, найзағай болатынын хабарлаған. 16–17 шілдеде кей жерлерде нөсер жауын, бұршақ және екпінді жел болатынын айтқан.
Сонымен қатар орталық және шығыс өңірлерде ауа температурасы +41°C-қа дейін сақталады, ал оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және кей жерлерде оңтүстік-батыста +41...+46°C-қа дейін ысиды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық