Қазақстанда миллион теңгеден асатын жалақыны кімдер алады?
2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстандағы орташа айлық атаулы жалақы 445 068 теңге болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Елде ең жоғары жалақы алатындар әлі де тау-кен өндіру саласының мамандары болып отыр.
Бір жыл ішінде бұл көрсеткіш 11,5%-ға өскенімен, инфляцияны ескергенде халықтың нақты табысы іс жүзінде өзгерген жоқ — нақты жалақы индексі 99,8% болды. Мұндай деректерді Ұлттық статистика бюросы жариялады.
Ең жоғары жалақы бұрынғыдай өндіріс саласында. Қаңтар–наурыз айларында тау-кен өнеркәсібі мамандары орта есеппен айына 1 020 632 теңге алған. Одан кейін қаржы және сақтандыру қызметі (орташа жалақы – 941 411 теңге), ақпарат және байланыс саласы – 779 288 теңге, өнеркәсіп – 620 775 теңге және көлік пен қоймалау – 599 489 теңге. Өңдеу өнеркәсібінде орташа айлық жалақы 508 854 теңге болды.
Ал ең төмен жалақы ауыл шаруашылығында сақталуда – 268 096 теңге, қонақүй және мейрамхана бизнесінде – 284 186 теңге, сондай-ақ сумен жабдықтау және қалдықтарды өңдеу саласында – 307 956 теңге.
Өңірлер арасында ең жоғары орташа айлық жалақы Ұлытау облысында тіркелген – 637 324 теңге. Алғашқы үштікке сондай-ақ Атырау облысы (610 111 теңге) және Маңғыстау облысы (608 415 теңге) кірді.
Астанада орташа жалақы 559 894 теңге, Алматыда – 551 597 теңге. Сонымен қатар Алматы елдегі ең ірі еңбек нарығы болып қала береді: мұнда 941,5 мың адам жұмыс істейді.
Ең төмен көрсеткіштер Солтүстік Қазақстан облысында – 308 334 теңге, Жамбыл облысында – 319 820 теңге, Түркістан облысында – 324 972 теңге және Шымкентте – 328 608 теңге тіркелген.
Өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда нақты жалақының ең жоғары өсімі Алматыда (104,9%) және Абай облысында (104,7%) байқалды.
ҰСБ деректері бойынша Қазақстанда қызметкерлердің тізімдік саны 5,2 млн адам, ал нақты жұмыспен қамтылғандар шамамен 5 млн адам. Бірінші тоқсандағы жалпы жалақы қоры 6,66 трлн теңгеге жетті.
Ең көп қызметкер білім беру саласында жұмыс істейді – 1,17 млн адам. Бұл саладағы орташа жалақы 315 100 теңге.
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінде 512,8 мың адам еңбек етеді, олардың орташа жалақысы – 334 768 теңге. Мемлекеттік басқару және қорғаныс саласында 436 мың қызметкер жұмыс істейді, олардың орташа айлық жалақысы 403 447 теңге.
Айта кетейік, Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылы инфляция аясында Қазақстан халқының нақты табысы 1,1%-ға төмендеген, бұл экономика мен атаулы табыстың өсуіне қарамастан болған.
Сонымен қатар Қазақстанда гендерлік жалақы айырмашылығы әлі де тұрақты әрі айтарлықтай деңгейде қалып отыр. 2025 жылғы сәуір қорытындысы бойынша әйелдердің орташа айлық атаулы жалақысы ерлердің жалақысының небәрі 76,9%-ы. Яғни, экономикаға қатысу деңгейі ұқсас болғанымен, әйелдер орта есеппен ерлерге қарағанда сәл ғана аз табыс табады (1 теңгеге 77 тиын).
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Қазақстанда миллион теңгеден асатын жалақыны кімдер алады?
- Еліміздің ірі үш қаласында ауа температурасы +48 градусқа дейін ысиды
- Президент тапсырмасы: «Алматы – Қаскелең» жолы сегіз жолаққа дейін кеңейтіледі
- Екі аптада 33 мың жедел жәрдем: Алматылықтар аптап ыстықпен қалай күреседі?
- Стамбұл соты Биньямин Нетаньяхуды қамауға алуға халықаралық ордер шығарды
- Ақтөбеде кісі өлтіріп, денесін қоқыс алаңына тастаған адам 14 жылға сотталды
- Бюджетке 730 миллиард теңге салық неге түспеген?
- Құрылтай сайлауына жеті партиядан кандидаттар тізімі қабылданды
- Тоқаев заңға қол қойды: Суррогат ана қызметі мен мәслихатта не өзгерді?
- Стамбұлдағы адам өлімі: Үш елде арнайы операция өтті
- СҚО-да жантүршігерлік жол апатынан сегіз адам зардап шекті, оның алтауы бала
- Трамп Ормуз бұғазындағы кемелерге ақы енгізу ұсынысынан айнып қалды
- Құрылтай сайлауын ұйымдастыруға 34,3 млрд теңге бөлінді
- Жамбыл облысында аурухана қызметкерлері кәріз құдығына түсіп, екі адам қаза тапты
- Қырғызстан мұнай мен мұнай өнімдерін елден шығаруға уақытша тыйым салды
- Заңгер әрі блогер Әділетхан Молдахан 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды
- Атырауда қайын жұртын қырып салған күйеу бала өмір бойына бас бостандығынан айырылды
- Абай облысында пышақталған қыздың мәйіті табылды
- МӘМС-пен тегін жасалатын ота үшін 8 млн теңге алған хирургтің ісі сотқа жолданды
- Астана маңындағы демалыс базасында ер адам өлім аузынан қалды