Шоқан Уәлихановтың әкесі қалпына келтірген «Едіге би» жыры Қазақстанда жарық көрді

Ұлы қазақ этнографы Шоқан Уәлихановтың әкесі Шыңғыс Уәлиханов қалпына келтірген «Едіге би» эпосы Қазақстанда жарық көрді, деп хабарлайды Orda.kz.
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының мамандары қазақ халқының құнды мұраларының бірі – «Едіге би» жырының ең көне қолжазбасын цифрлы форматқа көшіріп, түпнұсқаның көшірме (факсимиле) нұсқасын жарыққа шығарды.
Шамамен XV ғасырда жазылған қолжазбаның авторы белгісіз. Бұл жырдың алғашқы нұсқаларын XIX ғасырдың басында қазақ ғалымы, шығыстанушы және фольклорист Шоқан Уәлихановтың әкесі Шыңғыс Уәлиханұлы көшіріп жазып, сол арқылы бұрын жоғалып кеткен нұсқаларды қайта қалпына келтірген болатын.
Кейіннен бұл нұсқа Шоқан Уәлиханов толықтырып, өңдеп, 1842 жылы Ахмет есімді кісі біріктірген нұсқа ретінде көшірілген.
«Аталған жыр түркі тілдеріне тән емес көне тіркестер мен сөзқолданыстарымен ерекшеленеді, бұл оның көне дәуірлерден қалған поэма екенін айғақтайды. Бұл жайтқа белгілі түркітанушы ғалым П.М. Мелиоранский өз еңбектерінде ерекше тоқталған. Поэма Едігенің дүниеге келуімен басталып, Тоқтамыстың ұлы Қадырбердінің қолынан қаза табуымен аяқталады. Аңыз бойынша, Едіге қасиетті Ұлытаудың биік шыңдарының бірінде жерленген. Қазір бұл шың Едігенің атымен аталады», — деп мәлімдеді Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Айта кетейік, бұл жыр алғаш рет 1905 жылы Санкт-Петербургте профессор П.М. Мелиоранскийдің редакциясымен «Едіге мен Тоқтамыш туралы аңыз» деген атпен жарық көрген.
Жаңалықтар
- 30 жыл бойы жұбайын қызғанған 61 жастағы ер адам ұйқыдағы әйелін атып өлтірді
- Шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды сұраған Қайрат Боранбаев лезде өтінішін қайтарып алды
- Назарбаевтың жаңа кітапханасы ма? Алматының қақ ортасындағы құрылысты неге жасырады?
- Мәжілістің бұрынғы депутаты Гүлжан Қарақұсованың қызы ғарышқа ұшады
- Шоқан Уәлихановтың әкесі қалпына келтірген «Едіге би» жыры Қазақстанда жарық көрді
- Қазақстандағы қуатты су электр станциясын белгісіз біреуге сатып жіберді
- Мәжіліс депутаттары Жомарт Ертаевтың қайта түрмеге «аттанатынын» мәлімдеді
- «Құранмен сендірді»: прокурор 136 адамға несие алдырған емшіні түрмеге қамауды сұрады
- «Самұрық-Қазына» қорының директорлар кеңесіне жасанды интеллект мүше болды
- Тоқаев Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровпен кездесті
- Берденовке жасалған қастандық бойынша екі тарап та үкімге қарсы шықты
- Шерхан Қалмырза деген кім және ол әлемді өзіне қалай қаратты?
- Мәскеуде Сирияның экс-президенті Башар Асадқа әлдекімдер у берді
- «Қазақстанға келіп, жар табамыз» деді – Павел Дуров
- Ақтөбелік әкім әуейі болғанын мойындады: Прокурор әкімді кінәлі деп тануды сұрады
- 42 жастағы Рауан Әбілханов 600 шақырымды бес күнде еңсеріп, рекорд орнатты
- «Тасмағамбетов бекіткен»: Алматыдағы ірі зауытты EXPO-2017 бойынша сотталған Ермегияевтің әкесі қалай иеленді?
- Түркістан облысында ағайындылар туабітті мүгедек бауырын зорлады: Сот өтіп жатыр
- Қостанайда көліктен құлап түскен зейнеткерді артта келе жатқан көлік басып кетті
- «Қайраттың» жұлдызға айналған қақпашысы Шерхан Қалмырзаға Ұлықбек Шәріпов көлік сыйлады