Шерхан Қалмырза деген кім және ол әлемді өзіне қалай қаратты?
Фото: Игорь Улитин / Orda.kz
«Қайраттың» 18 жастағы қақпашысы «Реалға» қарсы матчтан кейін қалай танымал болғанын Orda.kz саралап көрді.
Тарихи матчқа дейін Шерхан Қалмырзаны тек «Қайраттың» жанкүйерлері ғана білетін. Ал бүгін 18 жастағы қақпашының есімі бүкіл Еуропада аталып жатыр. УЕФА оның сейвтерін қатарынан екінші рет Чемпиондар лигасындағы үздіктер қатарына қосты.
Мадридтің «Реалына» қарсы өткен ойында Шерхан нағыз шеберлігін көрсетті. Килиан Мбаппе қақпаға соққы жасаған сәтте есепті испандар еселейді деп ойлағандар көп болды. Алайда Қалмырза секіріп, әлемдік футбол жұлдызының соққысын қайтарып, команданы құтқарып қалды.
Чемпиондар лигасының ресми аккаунтында Шерханның сейві турдың төрт үздік сәтінің қатарына енді. Бұл тізімге қазақстандық қақпашымен бірге «Челси», «Аякс» және «Галатасарайдың» голкиперлері енді.
«Қайраттың» 0:5 есебімен жеңілгеніне қарамастан, дәл осы эпизод ең көп талқыланған сәттердің біріне айналды. Турнирдің инстаграм парақшасында үздік сейвке дауыс беру жүріп жатыр, ал қазақстандық қақпашы — басты фавориттердің бірі.
Тарихтағы ең жас қақпашы
Айта кетерлігі, бұл — Шерхан үшін УЕФА-дан қатарынан екінші мәрте түскен номинация. Чемпиондар лигасының алғашқы турында ол Лиссабонның «Спортинг» клубының капитаны тепкен пенальтиді қайтарғаннан кейін үздіктер қатарына енген еді. Сол кезде ол турнир тарихындағы дебют жасаған ең жас қақпашы атанды.
Қалмырзаға тәжірибелі Александр Заруцкий мен Темірлан Анарбеков сынды қақпашылардың жарақатына байланысты мүмкіндік берілді. Оның «Қайраттағы» алғашқы ойыны небәрі бірнеше апта бұрын, 14 қыркүйекте өтті. Ол «Ақтөбеге» қарсы матчта алаңға қосылып, аз уақыттан соң бүкіл елдің қаһарманына айналды.
«Реалға» қарсы кездесуден кейін жас қазақстандыққа әлемнің үздік қақпашыларының бірі саналатын Тибо Куртуа арнайы келіп, қолдау білдірді. Олар жейделерін бір-біріне естелік ретінде берді. Бельгиялық қақпашы тіпті бірге түскен суретті әлеуметтік желіге жариялап, әріптесін қолдады. Кез келген футболшы үшін мұндай қадам кәсіби деңгейді мойындауды білдіреді.
Жанкүйерлердің қолдауы және Шерхан Қалмырзаның жеке өмірі
Қазақстандық жанкүйерлер Шерханға ерекше тәнті болды. Бүгінде ол туралы бүкіл ел айтып жатыр.
«Қалмырза, жарайсың, Қазақстанның мақтанышы! Ол тағы да нағыз қақпашы екенін дәлелдеді», – деп жазады Қазнет қолданушылары.
Алайда Қалмырзаға деген қызығушылық тек футбол алаңымен шектеліп қалған жоқ. Журналистер Шерханның Қазақстанның ең атақты футболшысы Самат Смақовтың қызы Самирамен кездесіп жүргенін анықтады. Қыз жігіттен екі жас үлкен, жұп болғандарына қазір бір жарым жыл болған.
Шерханның анасы Сәуле Рабаева да көпшіліктің назарын өзіне аударды. Әлеуметтік желі қолданушылары оның жас әрі сұлу екенін және харизмасын айтып, ұлын тәрбиелегені үшін алғыс білдіріп жатыр.

Алда «Қайратты» өз алаңында тағы бір Чемпиондар лигасының ойыны күтіп тұр. Матч 21 қазанда Кипрдің «Пафосына» қарсы өтеді. Енді көпшілік бұл сайысты тек команда үшін емес, Шерхан Қалмырзаны алаңда көру үшін де асыға күтетін болды. Бұл енді ғана 18 жасқа келген дарынды жігіттің үлкен жолға шыққан бір соқпағы десек артық айтқандық болмас.
Автор: Руслан Логинов
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық