«Самұрық-Қазына» қорының директорлар кеңесіне жасанды интеллект мүше болды
Фото: «Самұрық-Қазына» баспасөз қызметі
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры алғаш рет жасанды интеллект негізінде әзірленген SKAI (Samruk-Kazyna Artificial Intelligence) жүйесін директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі ретінде таныстырды, деп хабарлайды Orda.kz.
SKAI – директорлар кеңесіне дауыс беру құқығы бар болып қосылған алғашқы цифрлық тәуелсіз мүше. Жаңа жүйе Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Астанада өткен халықаралық Digital Bridge форумында таныстырылды.
Қордың мәліметінше, SKAI ішкі және сыртқы құжаттарды, директорлар кеңесінің 2008 жылдан бері қабылдаған шешімдерін және қор жұмысы барысында жинақталған басқа да деректерді талдайды.
«Жасанды интеллект негізіндегі нейрожелінің Директорлар кеңесіне тағайындалуы – бұл нағыз кванттық серпіліс: технология мен адамдар шешімді бірлесе қабылдайды, ал цифрландыру тек қана бизнес-процестермен шектелмей, басқару философиясының бір бөлігіне айналып келеді», – деді «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.
SKAI «Қазақтелекомның» екінші суперкомпьютері Al Farabium-ның жабық контурында жұмыс істейді. Осылайша, ақпарат ел аумағынан тыс жаққа тарамайды, ал жоғары есептеу қуаты талдаудың сенімділігі мен жылдамдығын қамтамасыз етеді. Жүйенің негізі ретінде қазақстандық Alem LLM тіл моделі қолданылған.
Еске сала кетсек, бұған дейін Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып Жасұлан Хасенұлы Мәдиев тағайындалған еді. Ал қыркүйектің басында Албанияда жасанды интеллект министр болып тағайындалды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық