Мәжілістің бұрынғы депутаты Гүлжан Қарақұсованың қызы ғарышқа ұшады
Фото: instagram/ Данны Карақұсова
Қазақстан тарихында алғаш рет әйел ғарышқа көтеріледі. Бұл сапарға Мәжілістің бұрынғы депутаты Гүлжан Қарақұсованың қызы, кәсіпкер Данна Қарақұсова Blue Origin компаниясының New Shepard кемесімен аттанады. Билеттің құны шамамен 500 мың доллар, деп хабарлайды Orda.kz.
Джефф Безос құрған компания New Shepard бағдарламасы аясындағы 15-ші пилотталған сапардың құрамын таныстырды.
«Данна Қарақұсованың БАҚ және іс-шара ұйымдастыру саласында 25 жылдан астам тәжірибесі бар. Ол – тәжірибелі альпинист, Килиманджаро мен Эльбрус шыңдарын бағындырған. Ғарышты адамзат үшін жаңа белес деп біледі», деп хабарлады компания.
Экипаж құрамында доктор Клинт Келли III те бар. Ол электротехника инженері, компьютерлік ғылым мен робототехника саласындағы зерттеулерді басқарған. 1984 жылы DARPA агенттігі үшін жүргізушісіз көлік жобасын іске асырған. Бұл агенттік интернет, GPS және дрон сияқты инновацияларды дамытуға жауапты негізгі мекемелердің бірі болған.
Аарон Ньюман – кәсіпкер әрі зерттеуші. Ол «Титаникке» және Мариан шұңғымасына сүңгіп көрген.
Джефф Элгин – франчайзинг саласында жұмыс істейтін FranChoice компаниясының негізін қалаған, ол адамдарға бизнес мүмкіндіктерін табуға көмектеседі.
Виталий Островский – 100-ден астам елде болған украиналық кәсіпкер және инвестор.
Алтыншы қатысушының есімі ұшудан кейін жарияланады.
Данна Қарақұсова – FMG маркетинг холдингінің негізін қалаушы. Ол – бұрынғы еңбек және әлеуметтік қорғау министрі, экономика ғылымдарының докторы, профессор, қаржы және бюджет комитетін басқарған Гүлжан Қарақұсованың қызы. Қазір Гүлжан Қарақұсова Қазақстан Парламенті Сенаты жанындағы сенаторлар кеңесінің мүшесі.
Ғарышқа қандай кемемен ұшады?
Экипаж мүшелері ғарышқа New Shepard деп аталатын қайта пайдалануға болатын зымыранмен көтеріледі. Оның ішінде арнайы капсула бар, туристер соған отырады.
Зымыран көтерілген соң капсула бөлініп шығады. Сол кезде жолаушылар шамамен бес минуттай салмақсыздықты сезінеді. Кейін капсула парашютпен жерге қонады.
Мұндай сапарға қатысқандарға «ғарышкер» атағы берілмейді. Олар ресми түрде «ғарыш сапарына қатысушылар» деп саналады.
New Shepard орбитаға шықпайды, бірақ АҚШ жүйесінде мұндай сапар ғарышқа ұшу болып есептеледі. Өйткені капсула Карман сызығынан жоғары көтеріледі. Бұл – Жер атмосферасы мен ғарыштың шартты шекарасы.
Ұшу биіктігі шамамен 100 шақырым болады. Сапардың жалпы ұзақтығы – 11 минуттай. New Shepard-та ұшқыш болмайды, басқару толық автоматтандырылған.
Осы уақытқа дейін компания Карман сызығынан жоғары 75 адамды көтерген, олардың бесеуі ғарышқа қайта ұшқан.
Ұшу күні 8-қазан күніне жоспарланған. Blue Origin сайтында, X желісінде және YouTube арнасында тікелей көрсетілім болады. Ол сапар басталғанға дейін 30 минут бұрын іске қосылады.
Сәуір айында компания алғаш рет тек әйелдерден құралған экипажды ғарышқа ұшырды. Бұл 1963 жылы Валентина Терешкова ғарышқа шыққалы бері алғашқы әйелдер тобы болды. Экипаж құрамында мәдениет, ғылым және бизнес өкілдері бар еді. Олардың қатарында әнші Кэти Перри мен сол кезде Джефф Безостың қалыңдығы болған Лорен Санчес те болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық