Мәжіліс депутаттары Жомарт Ертаевтың қайта түрмеге «аттанатынын» мәлімдеді
Фото: facebook парақшасынан
Мәжіліс депутаты Абзал Құспан Жомарт Ертаевты шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы қаулының күші жойылып, оның темір тордың арғы жағына қайта оралатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Мәжіліс депутаты Абзал Құспан Facebook парақшасында Жомарт Ертаевты босату туралы қаулының күші жойылғанын мәлімдеді.
«Ертаевқа қатысты сот қаулысы бүгін бұзылды. Өтінішімді қолдап, әділ шешімге ықпал еткен Бас прокуратура, Алматы облысының прокуроры мен сотына, сондай-ақ мәселені алғаш көтерген журналистер қауымына алғыс айтамын» деп жазды Абзал Құспан.
Мәжілістің тағы бір депутаты Ермұрат Бәпи Жомарт Ертаевтың түрмеге қайта оралатынын өзінің Facebook парақшасында жариялады.
«Мемлекет қаржысынан 144 млрд теңге ұрлап, түрмеге қамалған Жомарт Ертаев бұдан бірер ай бұрын бостандыққа шығып кеткені еді. Танымал депутат-адвокат Абзал Құспан бұл шешімге қарсы ҚР Бас прокуратурасына протест білдіру жөнінде талап арыз жазған еді. Бүгін сол талап орындалып, прокуратураның қарсылық келтіруі бойынша Жомарт Ертаев қайтадан қамауға алынатын болды» деп жазды Бәпи.
Еске салсақ, 2020 жылдың қарашасында Жомарт Ертаев Bank RBK-тен 2011–2017 жылдар аралығында 144 миллиард теңге жымқырды деген айыппен кінәлі деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылған еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық