«Құранмен сендірді»: прокурор 136 адамға несие алдырған емшіні түрмеге қамауды сұрады
Фото: Orda.kz
Ақтөбеде «емшіге алдандық» деген 136 жәбірленуші сотқа шағым түсірді. Шығын — 579 млн теңге. Сотталушы мүгедек балаларын емге апарғандарға миллиондап несие алдыртқан. Емшіге 24 млн теңге несие алып бергендер жылап тұрып соттан көмек сұрады, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақтөбе қалалық сотында емші Сұлушаш Қазбаеваға қатысты қылмыстық іс жарыссөзге келді. Іс 39 томнан тұрады.
Прокурор ҚК-тің 190-бабы 4-бөлігі 2 тармағы бойынша айыпталған сотталушыны кінәлі деп танып, 6 жыл 8 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жаза өтеу орны ретінде қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесін белгілеуді көрсетті.
Себебі — алданғандардың дені зейнеткерлер, жалғызбасты аналар, жалғыз жалақыға қарап отырғандар.
Адамдар сырқатын, мүгедек балаларын емдету үшін емшіге шарасыздықтан барғаны айтты.
Прокурор сотталушы Қазбаеваны қасақана түрде қылмыстық ниетпен 136 жәбірленушіні сан соқтырып, бірнеше несие алдырып, өз пайдасына жаратып отыр деп айыптады.
Сұлушаш Қазбаеваның ҚР және дүниежүзінің құрметті ардагері, кәсіби емшісі және шығыс халық медицина магистрі екенін пайдаланып, сенімге кіру арқылы қасақана тікелей пайдакүнемдік ниетпен, алаяқтық жасағаны айтылды.
«Өзіне ем алуға келген тұлғаларға өзінің қайтыс болған егіз інісіне Әйтеке би ауданы Ақкөл ауылында мешіт саламын, кәмелет жасқа толмаған қызын Түркия еліне емге апарамын, жеке клиника ашып, жеке кәсібін дамытамын, Әйтеке би ауданында тойхана саламын деп ақша жетпегенін айтып, ем алуға келген адамдарға несие алып беруді өтінеді. Алып берген несиені 2 айда толық жауып беруге мүмкіндігі бар екенін айтып, сендіреді. Сот отырысында сотталушы Қазбаева өзінің кінәсін мойындамайтынын, 136 жәбірленушінің ешқайсысынан алаяқтық жолмен несие алдырмағанын, барлық жәбірленуші өз еркімен алып бергенін және айыптау актісіндегі қаржатпен келіспейтінін көрсетіп жауап берді. Сотқа қатысқан жәбірленушілердің несиеге алған ақшасын қайда жібергені туралы сұрақтарға Қазбаева 4 ай бойы жауап беруден бас тартты. Қазіргі таңда 579 млн теңгеге жақын қаражат қаражаттың нақты қайда кеткені беймәлім», — деді прокурор Гүлназым Әлиева.
Іс материалдарында сотталушының диспансерлік есепте тұрмайтыны айтылды. Жәбірленушінің өкілдері сотталушыға қатаң жаза тағайындауды сұрады. Әр жәбірленушінің шығыны әртүрлі. 24 млн, 17 млн, 2,8 млн, 3,6 млн, 3,9 млн, 22,9 млн, 13,8 млн, 1,6 млн теңге несие алып бергендер мүгедек балаларын қалдырып, жұмысқа шыққан. Кейбірі тұрып жатқан үйін жалға беріп несие өтеп отырғанын айтты.
«Банк алдындағы қарызымды өтеп берсін. Оның алдыртқан несиесін жолдасым төлеп жатыр. Қазір жолдасымның тапқаны ішіп-жеуге жетпей қалды. Өзім осы уақытқа дейін мегедек баламен үйде отырдым. 24 сағат бойы күтімге мұқтаж ерекше баланы тастап, жұмысқа шықтым. Баламды қандай жағдайда алдына апарғанымды біледі. Балаңды тұрғызып беремін деп құранмен сендірді. Бізге осылай несие алдыртты», — деді жәбірленуші.
Соттан келтірілген шығынды үйіндегі мүлкімен төлеттіруді сұраған жәбірленушілер де болды.
Еске салайық, адамдарды алдаған танымал емші Сұлушаш Қазбаеваны полиция 2025 жылы қаңтарда қамауға алды. «Алаяқтық» бабы бойынша айыпталған емші 51 жаста. Сотта өзін 30 жыл Қазақстанның халық емшісі деп таныстырды. Сот жарыссөзінде жәбірленушілерге сөз берілді.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық