«Тасмағамбетов бекіткен»: Алматыдағы ірі зауытты EXPO-2017 бойынша сотталған Ермегияевтің әкесі қалай иеленді?
Коллаж: Orda.kz
Мемлекеттік мүлікті электронды саудалау сайтында бұрын ұсталған шенеунік Талғат Ермегияевтің әкесіне тиесілі болған темір-бетон өндіретін зауыттың лоты жарияланды. Orda.kz тілшісі құны сегіз миллиардтан асатын ірі активті шенеуніктің отбасы қалай иемденгенін баяндайды.
Қазіргі таңда зауыт «Проблема болатын несиелер қоры» (АО «Фонд проблемных кредитов») балансында көрсетілген. Есеп-құжаттарда бұрын бұл нысан «Серт» АҚ-ға тиесілі болғаны айтылады. Оның құрылтайшысы ретінде елге еңбегі сіңген қайраткер, бизнесмен және бұрынғы партия қызметкері, сондай-ақ экс-президент Назарбаевтың серігі әрі танымал Талғат Ермегияевтің әкесі — Амангелді Ермегияев көрсетілген.
Қысқаша тарихына шолу жасасақ, 1991–1993 жылдары Ермегияевтің әкесі «Алматыстрой» концернінің президенті болған, кейін 1993 жылы — «Алматықұрылыс» холдингі басшылығының төрағасы қызметін атқарған. 2002–2004 жылдары ол «Отан» республикалық саяси партиясының уақытша төрағасы болып, 2004 жылғы 12 наурыздан бастап «Отан» партиясының төраға орынбасары болған (сол кезде партия төрағасы — Нұрсұлтан Назарбаев). (Ескерту: бұл деректерді ресми тіркелген дереккөздерге сүйеніп айтып отырмыз).
Тиімді келісімшарт
Бағалау есебінде өндірістік база Алматы қаласында 40 мың шаршы метр аумақта орналасқаны көрсетілген. Аумақта ғимараттар, құрылыстар, техникалық нысандар мен теміржол желілері бар. Барлық мүлікті тізіп шығудың қажеті жоқ, тек оның нарықтық құны 8,2 млрд теңге деп бағаланғанын айтайық.
Бір кездері «Серт» акционерлік қоғамы табысты құрылыс компаниясы болғанын ескерсек, осы зауытта қоғамның жобаларына арналған темірбетон конструкциялары шығарылған. Алайда зауыт 1985 жылы салынған, яғни оны өз уақытында Амангелді Ермегияев өте тиімді жекешелендіріп алып, кейін сол жерде нысандарды толықтыра салған.
Бұдан бөлек, 2000 жылы «Серт» АҚ бұл жер учаскесін әкімдіктен жылына небәрі 1,8 млн теңгеге жалға алған. Келісімнің әрекет етуші мерзімі 2003 жылдың қырқүйегіне дейін болған, кейін зауыт өндірістік базасы Ермегияевтің иелігіне өткен. Осы мәмілені сол кезде Алматы әкімі Иманғали Тасмағамбетов бекіткені хаттамада көрсетілген.
Сауда құны — бар-жоғы 54 млн теңге болған. Осы актив 20 жылдан кейін 155 есе қымбаттап шыға келген.
Сауда 30 қыркүйекте басталды. «Проблема болған несиелер қоры» өндірістік базаны беруге дайын тұрған ең төменгі баға — 5,3 млрд теңге деп белгіленген.
Дағдарыс пен құлдырау
Бір кездері «Серт» Алматы құрылыс нарығында, әсіресе пай үлесі арқылы салынатын жобаларда (мысалы, «Жайлы» тұрғын кешені) ойып тұрып орнын алған компания еді. Алайда 2000-жылдардың соңында компанияда дағдарыс басталды. Құрылысшылар тапсырыс берушілерге пәтерін уақытында бере алмады, ал тұрғындар су мен басқа да жағдайдың жоқ екенін айтып шағымданды.
2009 жылға қарай халық өздері төлеген ақшаның мақсатсыз жұмсалғанын ашық айта бастады. Компания жер сатып алып, дүкендер мен қонақүйлер салды, бірақ үлескерлердің пәтерлерін аяқсыз қалдырды. Жиналған қаржыдан құр алақан қалған салымшылар барынша дабыл қағып, мәселелеріне назар аудартуға тырысты. Кейбірі құрылыс алаңдарының жанынан шатыр тігіп, кейбірі бітпеген үйлерге қоныстанып, тіпті өзін темір арматураға шынжырлап байлағандар да болды. Тіпті «Серттің» иесіне тиесілі деген мәліметті естіп олар «Рахат Палас» қонақүйіне де кіруге талпынған еді.
2010–2011 жылдары «Серт» акционерлік қоғамының қарызы күрт көбейді. Несие мен салық бойынша берешек жиналды, сонымен қатар үлескерлермен, мердігерлермен және тіпті өз қызметкерлерімен соттасуға мәжбүр болды. Компания қарсылық білдіруге тырысқанымен, салық органдары банкрот деп тануды талап еткен істерді сот бастапқыда қанағаттандырмай, құрылысшының жағында тұрды. Жағдай ушыға берді: нысандар салынбады, компанияның мүлкіне тыйым салынды.
Қазіргі деректерге сүйенсек, «Серт» АҚ салық бойынша 1,6 млрд теңге және атқарушылық өндірістер аясында тағы 5,1 млрд теңге қарызға батқан.
ЭКСПО-2017 төңірегіндегі сыбайлас жемқорлық
Талғат Ермегияев 1969 жылы Алматыда туған, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс істеп, туризм және спорт министрлігінде, кейін ұлттық спорт агенттігінде қызмет атқарған. 2013 жылы ұлттық компания — «Астана ЭКСПО-2017» басшысы болды. 2015 жылы оған қарсы қылмыстық іс қозғалып, тергеу материалдарына сәйкес, көрме дайындығында оны және қызметкерлерін бюджет қаржысын жымқырды және аса ірі көлемде пара алды деп айыптады. Мемлекетке келтірілген жалпы зиян шамамен 10 млрд теңге деп есептелген.
2016 жылдың маусымында сот Талғат Ермегияевті қатаң тәртіптегі колонияда 14 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Сонымен бірге заңсыз жолмен алынған мүлкі тәркіленсін деген шешім қабылданып, Ермегияевке мемлекеттік және коммерциялық орындарда басшылық қызмет атқаруға тыйым салынды. Апелляциялық соттар алғашқы үкімді өзгеріссіз қалдырды.
Алғашында ол үй қамағында болды, бұл мерзім жазаны есептеу кезінде «бір күн екі күнге тең» деп есептелді. Алайда негізгі жазасын Ермегияев Алматы облысындағы ЛА-155/12 колониясында өтеп жатыр. Соңғы жылдары бірнеше мәрте шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды сұрағанымен, сот өтінішін қанағаттандырған жоқ. Ал қорғаушылары істің қолдан жасалғанын алға тартып, үкімді қайта қарауды талап етіп жатыр.
Автор: Илья Астаханов
Жаңалықтар
- Ағайынды алты егіз мерзімді әскери қызметін бірге өткеріп жүр
- TikTok-тағы алаяқ «ҰҚК майорына» Петропавлда үкім шықты
- Түркияға жұмыс істеуге кеткен қазақстандық Грекияда 125 жылға сотталды
- Қазақстан Конституциясы мен домбыра Памир шыңына көтерілді
- «Қарасора – 2026»: Есірткі тасушы «жұмысын бастаған» әйелден 113 түйіншек табылды
- UIM F1H2O әлем чемпионаты: Орталық Азия мемлекеттері президенттері қатысты
- Әлемдік жанжал: ФИФА коммерциялық құқықтарын жеке инвесторларға сатпайтын болды
- Президент Қостанай облысының құрылғанына 90 жыл толуымен тұрғындарды құттықтады
- Энергетика министрлігі: КҚК мен жүк жөнелтушілер арасында тұрақты байланыс орнатылды
- Қостанай облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, төрт жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға түсті
- Жамбыл облысында пара алды деген күдікпен полиция бөлімі бастығының орынбасары ұсталды
- ЖИ бақылаудан шығып, компанияларға шабуыл жасап жатыр
- Бір тәулікте Сеутаға 50 мың мигрант қашып келіп, 57 адам қаза тапты
- Тамыз айында еліміздің ауа райы қандай болады?
- Есіл өзенінде 20 жастағы жігіт қаза тапты: Денесі әлі іздестіріліп жатыр
- Future Games: Қазақстан намысын жалғыз команда қорғайтын болды
- УЕФА мен оған мүше 55 ел ФИФА жарыстары мен Әлем чемпионатына бойкот жариялады
- Зорланғанын айтқан қыздың арызын елемеген полицейлерге сот үкімі шықты
- Bazis-A негізін қалаған Александр Беловичтің ісі бойынша Татьяна Белова түрмеге тоғытылды
- Тоқаев бірқатар судьяларды орнынан босатты