Шоқан Уәлихановтың әкесі қалпына келтірген «Едіге би» жыры Қазақстанда жарық көрді
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлы қазақ этнографы Шоқан Уәлихановтың әкесі Шыңғыс Уәлиханов қалпына келтірген «Едіге би» эпосы Қазақстанда жарық көрді, деп хабарлайды Orda.kz.
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының мамандары қазақ халқының құнды мұраларының бірі – «Едіге би» жырының ең көне қолжазбасын цифрлы форматқа көшіріп, түпнұсқаның көшірме (факсимиле) нұсқасын жарыққа шығарды.
Шамамен XV ғасырда жазылған қолжазбаның авторы белгісіз. Бұл жырдың алғашқы нұсқаларын XIX ғасырдың басында қазақ ғалымы, шығыстанушы және фольклорист Шоқан Уәлихановтың әкесі Шыңғыс Уәлиханұлы көшіріп жазып, сол арқылы бұрын жоғалып кеткен нұсқаларды қайта қалпына келтірген болатын.
Кейіннен бұл нұсқа Шоқан Уәлиханов толықтырып, өңдеп, 1842 жылы Ахмет есімді кісі біріктірген нұсқа ретінде көшірілген.
«Аталған жыр түркі тілдеріне тән емес көне тіркестер мен сөзқолданыстарымен ерекшеленеді, бұл оның көне дәуірлерден қалған поэма екенін айғақтайды. Бұл жайтқа белгілі түркітанушы ғалым П.М. Мелиоранский өз еңбектерінде ерекше тоқталған. Поэма Едігенің дүниеге келуімен басталып, Тоқтамыстың ұлы Қадырбердінің қолынан қаза табуымен аяқталады. Аңыз бойынша, Едіге қасиетті Ұлытаудың биік шыңдарының бірінде жерленген. Қазір бұл шың Едігенің атымен аталады», — деп мәлімдеді Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Айта кетейік, бұл жыр алғаш рет 1905 жылы Санкт-Петербургте профессор П.М. Мелиоранскийдің редакциясымен «Едіге мен Тоқтамыш туралы аңыз» деген атпен жарық көрген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық